Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 12:27

Маңғыстауда сарбаз суицид жасамақшы болғаны үшін психиатриялық орталыққа жатқызылды

сарбаз
Фото: из открытых источников

Маңғыстау облысында №99116 әскери бөлімінің 18 жастағы сарбазы суицид жасауға талпынғаннан кейін психиатриялық орталыққа жеткізілді.

Сарбаздың анасы Лаура Шынтемирова ұлы әскери бөлімде соққыға жығылғанын және ауыр жұмысқа жегілгенін айтқан. Оның айтуынша, баласы мен басқа да әскерилерді біреудің жеке үйінің құрылысында жұмыс істеуге мәжбүрлеген.

Әскери бөлім басшылығы бұл деректі растаған жоқ. Олар сарбаз «жүрек пен бүйрек тұсының ауырсынуына шағымданып, тексеруге жіберілді» деп мәлімдеді. Алайда кейіннен оның психиатриялық клиникаға жатқызылғаны белгілі болды.

Облыстық психикалық денсаулық орталығы сарбаздың госпитализацияланғанын растады. Сонымен қатар, дәл сол күні клиникаға тағы екі әскери қызметші жеткізілген. Оларда да суицидтік мінез-құлық белгілері байқалған.

«Сарбаздар жарақат алған. Қазір олармен психологтар мен психотерапевтер жұмыс істеп жатыр», – делінген ресми хабарламада.

Бұл оқиға бойынша тексеріс тағайындалды, арнайы комиссия құрылды.

Айта кетейік, кейінгі аптада елімізде екі сарбаз қаза тапты. 18 қыркүйекте Жамбыл облысы, Мәтібұлақ ауылында №01098 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз Дінмұхаммед Шынарбек қаза тапса, кеше  Жетісу гарнизонында сарбаз даярлық кезінде оқ жарақатын алып, көз жұмды.

 

Тегтер: