Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:20, 12 Қаңтар 2024

Маңғыстауда аққулар күннен күнге қырылып жатыр – кім кінәлі

аққу
Фото: из открытых источников

Үш апта ішінде Қаракөл көлінен табылған өлі аққулардың саны мыңға жуықтап қалды. Мамандар күн сайын көл суына тексеріс жүргізуде, деп жазды Zhasalash.kz.

"21 желтоқсаннан 9 қаңтарға дейін 870 аққу табылып, көзі жойылды. Қаракөл көлін зерттеу күн сайын жүргізіледі. Қазір аймаққа келген орнитологтар жүргізетін қосымша зерттеулердің нәтижелері күтілуде. Алғашқы зерттеулердің нәтижелері аққулардың құс тұмауының салдарынан қырылғананын анықтады", - деді орман және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов.

Бұдан бөлек, экологтар Rixos қонақ үйінің Қаракөл аққуларының өліміне қатысын тексергенін мәлімдеді.

«5-6 қаңтарда Rixos Water World қонақ үйінің аумағында орналасқан құбырдан белгісіз сұйықтықтың құйылу дерегі бойынша қосымша мониторинг жүргізілді. Қаракөлге құйылатын су құрамында ластаушы заттар мөлшерінің асып кетуі анықталды. Осы деректердің негізінде қонақ үйге қатысты тексеру тағайындалды, оның нәтижелері алда жарияланады, - деді Маңғыстау облысының экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Мағжан Ғалымов.

Бұған дейін Rixos Water World Aktau қонақ үйінен Қаракөл көліне ағынды сулар ағызылатыны расталған болатын. Қонақ үйдің бас менеджері олардың жеке кәріз жүйесі және қоршаған ортаға шығаруға рұқсаты бар екеніне сендірді.