09:35, 21 Қараша 2025
Маңғыстауда ер адам полиция бекетінің алдында өзін өртемек болды
Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында бір ер адам полиция бөлімінің бақылау-өткізу пункті алдында өзін-өзі өртемек болған. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарады.
«Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр, барлық мән-жай анықталуда», - деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаменті.
Куәгерлердің айтуынша, 33 жастағы ер адам Атырау бағытындағы тасжолда алған әкімшілік айыппұлға қарсылық ретінде осындай әрекетке барған. Ол Бейнеу полиция бекетінің ғимаратына келіп, үстіне бензин құйып, өзін өртеуге әрекеттенген.