12:55, 19 Тамыз 2024
Маңғыстауда рұқсатсыз мұнай өндірген компанияға айыппұл салынды
Маңғыстаудағы «Жалғызтөбемұнай» ЖШС компаниясының экологиялық заңнама талаптарын бұзғаны анықталды.
Жер қойнауын пайдаланушы «Жалғызтөбемұнай» ЖШС 2024 жылдың 1-11 қаңтар аралығында экологиялық рұқсатсыз мұнай және ілеспе газ өндіруді жүзеге асырған, делінген прокуратура хабарламасында.
Прокурорлық қадағалау актісімен аталған мекеме Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.
Сонымен қатар, компанияға 7,8 млн теңге айыппұл салынды.