16:43, 21 Қазан 2024
Маңғыстауда терракт жасамақ болған тұрғын 18 жылға сотталды
2024 жылдың 19 қазанында Ақтау қаласының тұрғынына қатысты террористік акт жасамақ болғаны және терроризмді насихаттағаны үшін шыққан үкім заңды күшіне енді.
Ақтау қалалық соты оған 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Зорлық-зомбылық әрекетін жасау үшін жарылғыш құрылғыны, соның ішінде зақымдайтын элементтер жасауға қажетті компоненттер болттар мен шегелерді сатып алғаны анықталды. Шабуыл нысаны ретінде Маңғыстау облысының мемлекеттік мекемелерінің ғимараттарын таңдап, фото және видеоға түсіру арқылы жергілікті жерді зерттеген, делінген хабарламада.
Айта кету керек, сотталған адам бұрын кісі өлтіргені үшін сотты болған.