09:35, 28 Қараша 2022
Маңғыстауда мұнайшылар көне жәдігер тауып алды
Маңғыстау облысында мұнайшылар Дунга кен орны аумағынан көне қорымды тапты, — деп хабарлайды Жас Алаш lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, жұмысшылар жазуы бар көне құлпытас тапқан. Ол қазір қоршауға алынған.
Қорымның өзі жолдан 30-40 метр жерде, Ақтау-Форт-Шевченко тасжолының 36-шақырымында орналасқан. Бұл жерде мұнайшылардың даладағы кеңсесі бар. Құлпытас сол маңнан қазылған ордан шыққан.
«Бұл олжа археологтарымызға зерттеу жұмыстарын жүргізуге көмектеседі деп сенеміз», — дейді жұмысшылар.