11:34, 20 Қараша 2022
Маңғыстауда сайлаудың алғашқы сағаттарында 16 бала дүниеге келді
Маңғыстау облысында 20 қараша күні сайлаудың алғашқы сағаттарында 16 сәби дүниеге келді.
Оның 5-і ұл және 11-і қыз, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Статистикаға сүйенсек, соңғы жылдары облыста ұлдар көп дүниеге келген. Ал бүгін қыздар саны екі есе көп. Алайда перинаталдық орталық мамандары күн батқанша жағдай әлі де өзгеруі мүмкін деп отыр. Себебі, бұл сағат 00:00-ден 08:30-ға дейінгі деректер.
Жас аналар да ҚР Президентін сайлауға қатыса алады. Перинаталдық орталықтардың қызметкерлері де сайлауға қатысуға ниетті.