Маңғыстаудың шенеуніктері жаңа жылды тойлаудан бас тартты

24.12.2018, 17:14

128

Маңғыстаулық мемқызметкерлер жаңажылды тойлаудан бас тарттыМаңғыстау облысында бірнеше мемлекеттік мекеме жаңа жылдық корпоративтер мен сыйлық беруден (алудан) бас тартты. Оған кететін ақшаны аз қамтылған отбасылар мен жетім балаларға аудармақшы. Бұл жөнінде өңірлік коммуникация қызметіндегі өткен брифингте ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің облыстық департаменті баспасөз хатшысы Нұрбол Оқуов мәлімдеді деп хабарлайды tumba.kz.Жаңажылдық корпоративтер мен сыйлықтардан индустриялы даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік; қазынашылық; мемлекеттік кірістер басқармалары мен мемлекеттік мүлік және жекешелендіру; мемлекеттік ішкі аудит; техникалық реттеу және метрология; білім саласын бақылау департаменттері бас тартып отыр. Айта кету керек, әзірге бұл тізімге кіретін жалғыз әкімдік – Жаңаөзен қалалық әкімдігі.Оқуовтың айтуына қарағанда, бұл жерде ешқандай қыстау болмаған, бәрі ұжымдық келісім бойынша шешілген. — Біз құттықтаулармен ғана шектелмекпіз. Өзге мемқызметкерлерге де осыны ұсынамыз. Жиналған ақшаны ресторандарға құртқанша, аз қамтылған отбасыларға жаңа жылға сыйлық берген дұрыс емес пе, – дейді ол.Баспасөз хатшысы сондай-ақ, «Аяз атаға хат» атты қайырымдылық акциясын қолдайтындарын, бұл акция арқылы балалар өздеріне ең керекті деген заттарын жазатынын айтады. Ал, бұл акцияға қатысудың бір жолы осы корпоративтерден бас тарту.Брифингке өкілетті орган қызметкерлері де қатысып, жаңа жылға арналған сыйлықтардан да бас тартуға шақырды. Өйткені, мемлекеттік қызметкерлерге жеке және заңды тұлғалардан сыйлық алуға қатаң тыйым салынады. Сыйлық алған жағдайда, оны облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне 7 күн ішінде өткізу керек. Және, өткізген адам сол сыйлықты нарықтағы бағасымен сатып алуға құқылы.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00