Марат ТӘЖИН: Абай ХІХ ғасырда өмір сүріп, ХХІ ғасырдың ойы мен сөзін айтты

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығыменАбай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегіМемлекеттік комиссияның отырысы өтті.
«Абай – ХІХ ғасырда өмір сүріп, ХХІ ғасырдың сөзімен ойын айтқан адамзаттың данасы. Абай – ұлттық санаға жаңа серпін беріп,білім мен ғылымды, еңбек пен табандылықты дәріптеген кемеңгер Ұстаз. Абай –қазақтың жазба әдебиетін қалыптастырған Ұлы ақын. Абай – Шығыс пен Батысдуниетанымын қазақша сөйлеткен тұлға. Әрбір қазақ Абаймен мақтану керек.
«Руханижаңғыру» бағдарламасының маңызды бағыты ұлттың «мәдени кодын» сақтау болыптабылады, бұл орайда, мерейтойлық іс-шаралар Абайдың рухани мұрасын сақтауға,зерделеуге және насихаттауға бағытталуы тиіс», деді Марат Тәжин.
Комиссия отырысында Мемлекеттікхатшы мерейтой қарсаңындағы жоспарларға тоқталды. Ұлы хакімніңмерейтойы қарсаңында Абай шығармалары шетелдердің іргелітілдеріне және түркі халықтарының тілдеріне аударылып, жарыққа шығарылмақ. Ұлыақынның өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильмдер түсіріліп, халықаралық,республикалық деңгейде ғылыми-практикалық конференциялар өткізіледі.
Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры Түркия, Ресейжәне Қытайда «Абай» операсы қойылымынсахналайды. Еліміздің барлық жоғары оқу орындарында «Абай оқулары»,конференциялар мен симпозиумдар, поэтикалық және әдеби фестивальдар, конкурстармен олимпиадалар өткізіледі. Ғылыми жұмыстарды жүйелеу үшін ЕҰУ жанынан «Абайакадемиясы» құрылып, сондай-ақ абайтану бойынша ғылыми гранттар көлемі ұлғайтылады.
Мерейтой барысында «Абай-Шәкәрім» мавзолей кешені, Абайдың музей үйі,Құнанбай қажы әулетінің қорымы жөндеуден өткізілмек. Облыс әкімдігі Абайауданындағы бірнеше жол учаскелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин Мемкомиссияға Мемлекет басшысына үшбастамамен шығуды ұсынды: Семей қаласындағы әуежайға Абай есімін беру; Әдебиетжәне өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты Абай атындағы мемлекеттік сыйлық депөзгерту; Қазақстанның елшіліктерінің базасында «Абай орталықтарын» құру.
Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшыӘбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегіМемлекеттік комиссияның отырысын да өткізді.
– Елбасының «Ұлыдаланың жеті қыры» мақаласында аталған ұлы есімдер ішінде әл-Фарабидің аты бірінші тұр. Оның мұрасыәлемдік өркениеттің игілігі болып табылады, – деп атап өтті Мемлекеттік хатшы.
Мерейтой шеңберінде Әл-Фарабиатындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында онлайн журнал шығару арқылыфарабитанушылардың халықаралық орталығын құру жоспарлануда. «әл-Фараби жәнеәлемдік өркениет» атты халықаралық ғылыми симпозиумге дайындық басталды. Ұлыұстаздың еңбектері аударылып, жарыққа шығарылады, деректі фильмдер ментелерадио бағдарламалар түсіріледі. Еліміздің барлық жоғары оқу орындарында,ғылыми және мәдени ұйымдарында халқымыздың даңқты тұлғасының мұраларыннасихаттауға бағытталған конференциялар, симпозиумдер және басқа да көптегенбілім, мәдени акциялар өтеді.