Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:53, 18 Маусым 2024

Марат Жыланбаев адам құқықтары жөніндегі уәкілдің колонияға келуін өтінді

Жыланбаев
Фото: Азаттық

7 жылға сотталған марафоншы және тіркелмеген «Алға, Қазақстан!» оппозициялық партиясының жетекшісі Марат Жыланбаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевқа хат жазып, күзетшілердің қоқан-лоққысына байланысты Степногорск қаласындағы колонияға келуін өтінді. 

«Анықталғандай, Жыланбаев Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевқа колония қызметкерлерінің қоқан-лоққы көрсетуіне байланысты, жедел түрде колонияға іссапармен келу туралы өтініш жолдаған. Бұған дейін ол қауіпсіздік күштерінің қысымымен Ластаевтың келуінен бас тартуға мәжбүр болған», - делінген хабарламада.

хат
Фото: Бақытжан Төреғожина

Сонымен қатар, 14 маусымда Марат Жыланбаев әйеліне телефон арқылы, колонияда өміріне қауіп төніп тұрғанын айтқаны белгілі болды. Әйел бұл ақпаратты адвокат Мейіржан Досқараевқа жеткізген. Жыланбаевқа «басқа сотталғандар тарапынан арандатушылық пен қысым жасалды» деген болжам бар. 

Айта кетейік, 2023 жылдың қарашасында Астана соты Жыланбаевты «тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысқан» және «экстремистік ұйымды қаржыландырды» деген айыптармен жеті жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Жыланбаев пен оның жақтастары тағылған айыптарды жоққа шығарып, келіспейтіндерін айтқан.