14:06, 14 Қазан 2023
Мас күйде көлік айдаған: мектеп директоры жұмысынан қуылды
Директордың ісі қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандырылған сотында қаралды.
Тергеу нәтижелері бойынша, сот оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырды.
Іс материалдарына сәйкес Павлодар ауданындағы мектеп директоры масаң күйде көлік айдаған. Ер адам өзінің кінәсін жоққа шығарғанымен, оның жасаған әрекеті сот-медициналық сараптаманың қорытындысы мен полиция қызметкеріндегі бейнежазбамен дәлелденген.
Білім беру бөлімінің мәліметінше, әдеп жөніндегі кеңесте оған қатаң сөгіс жарияланып, қызметінен босатылған.