Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:16, 25 Шілде 2024

Мас күйінде көлік жүргізген имам 15 тәулікке қамалды

р
Фото: akmechet.kz

Қостанай қаласының бас имамы Бақытбек Тәжімбет мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауға алынды. 

Ulysmedia басылымының ақпаратынша, имам түнгі клуб маңында ұсталған. 

«Тәжімбет Бақытбек Нұрғабылұлы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы тағайындалды», - делінген сот қаулысында.

Оқиға 23 шілде күні болған. «Тойота Хайландер» көлігін айдап келе жатқан имам клуб маңында мас күйінде ұсталды. Алайда ол сот барысында ол өз кінәсін мойындамады.

Ал, Бақытбек Тәжімбет туралы ақпарат ҚМДБ ресми сайтынан өшірілген.

Айта кетейік, Бақытбек Нұрғабылұлы Алматы медресесінде білім алған. Кейін Стамбулда мүфтиятта оқыған. Ол 2015 жылдан бері Қостанай облысында имамы болды.

Тегтер: