Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:51, 03 Наурыз 2021

Мас жүргізуші төрт қызды қағып кетті

None
None

Алматы облысының Қорам ауылында төрт қызды қағып кеткен мас «Уаз» жүргізушісі ұсталды.

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті,

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланды. 

Еске салайық, 2 наурызда Алматы облысында мас жүргізуші жол шетінде тұрған екі 8 жастағы, екі 9 жастағы төрт қызды қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған үш бала әртүрлі дене жарақатымен Шелек аудандық ауруханасына жатқызылды, төртінші қыз дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне қайтарылды.

"Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау изоляторында. Жол-көлік оқиғасына ҚР ҚК-нің 345-1-бабы 2-бөлігі «Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге алып келген іс-әрекет» бойынша соталды тергеу жүргізіледі. Қажетті сараптамалар тағайындалды", — деп хабарлады «Жас Алашқа» Алматы облысы ПД өкілдері.

Тегтер: