Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:14, 24 Наурыз 2025

Машкевичті Еуропада жерлеу жоспарланып жатыр

машкевич
Фото Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Eurasian Resources Group (ERG) серіктестігінің иесі Александр Машкевичті Еуропада жерлеу жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазТаг.

Машкевичтің көмекшісі бизнесменді жерлеу туралы ақпаратқа қатысты редакцияға түсініктеме беруден бас тартқан.

Еске салайық, белгілі қазақстандық кәсіпкер  Александр Машкевич 2025 жылдың 22 наурызында 72 жасында ұзақ аурудан кейін өмірден өтті. Бұл туралы оның жетекшілік еткен компаниясы Eurasian Resources Group (ERG) ресми мәлімдеді. 

Александр Антонович Машкевич 1954 жылы Қырғызстанның Бішкек қаласында дүниеге келген.  1994 жылы Патох Шодиев және Алиджан Ибрагимовпен бірге Eurasian Natural Resources Corporation (ENRC) компаниялар тобын құрды. 2010 жылы компания Eurasian Resources Group (ERG) деп аталды, ал Машкевич оның 20,7% акциясына иелік етті.

ERG құрамына «Қазхром», «Қазақстан алюминийі», Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі және Қазақстан электролиз зауыты сияқты ірі кәсіпорындар кіреді. Машкевич сондай-ақ «Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ және «Еуразиялық банк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. 

Былтыр қыркүйек айының ортасында The Guardian басылымында "Олигархтар Ұлыбританияның алаяқтықпен күрес департаментіне қарсы шығып, қалай жеңіске жетті?" деген көлемді зерттеу жарық көрді. Зерттеуде ENRC компаниясының ақшаларын заңдастыру үшін қалай алаяқтық схемаларын түзгені, Африкадағы «Конгони» кен орнын сатудағы миллиондардың жымқырылуы, кенді бағалаған геолог Андре Беккердің жұмбақ жағдайда қаза болуы туралы жазылады. Бұл мақалада "үштік" деп аталатын қазақстандық олигархтар – Александр Машкевич, Патох Шодиев және Алиджан Ибрагимовтардың 1990 жылдары Қазақстанға келуі, бұрынғы президент Назарбаевпен жақындығы, олардың қалай байығандығы сөз болады. Бұдан бөлек мақалада "үштік одақтың" Африкадағы өз компанияларынан қалай  ақша жымқырғаны туралы да жазылған.

Тегтер: