Масылдық дегеніміз не, қоғам үшін маңызы қандай?
Масылдық – елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының ауыртпалығы немесе теріс факторына айналу деген сөз. Адамдар қандай жағдай масыл болады? Егер адамдар жұмыс істемесе, оқымаса, қоғамның гүлденуіне қандай да бір жолмен үлес қоспаса немесе одан да басқа себептермен мемлекетке жүк болуы мүмкін.
Жалпы «масыл» термині қоғамға немесе белгілі бір адамдар тобына жүк немесе ауыртпалық ретінде қабылданатын субьектілерді білдіреді. Мүгедектік, жұмыссыздық, ауру, кәрілік немесе басқа да жағдайлар сияқты әртүрлі себептермен өз қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмайтын немесе қоғамға оң үлес қоса алмайтын адам масыл болып саналуы мүмкін.
Дегенмен, әр адамның қоғамдағы орны мен әлеуметтік жағдайына қарамастан құрмет көрсетіп, түсіністікпен қарау керек. Масыл адамдар тобына жататын халықты кемсітпей, қоғамға қосу жағдайын әр ел, мемлекеттік органдар ойлайды. Бұл жұмыссыздық, білім деңгейінің төмендігі, әлеуметтік бағдарламаларды теріс пайдалану немесе басқа факторларға байланысты болуы мүмкін. Жалпы, қоғамдық өмірге лайықты үлес қоспайтын және өздері жасағаннан да көп ресурстарды тұтынатын адамдар немесе топтар мемлекетке ауыртпалық түсіріп, әсер етеді.
Елге жүк болу жеке адамға да, жалпы қоғамға да жақсы жағдай емес. Бұл адамның экономикаға және әлеуметтік салаға тиісті түрде үлес қоспауын білдіреді, бұл мемлекеттік бюджетке жүктеменің артуы, қоғамның өмір сүру сапасының нашарлауы, экономиканың ілгері дамымауы, жалпы жағдайдың төмендеуі сияқты әртүрлі жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін.
Адамның өзі үшін бұл өмірден қанағаттанбауды, өзін-өзі бағалаудың төмендігін және өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерінің шектеулілігін білдіруі мүмкін. Сондықтан жеке адамның да, қоғамның да гүлденуіне ықпал ететін қоғамдық өмірге, оқуға, еңбекке және басқа да қызмет түрлеріне белсенді қатысуға ұмтылу маңызды. Осылайша масылдық ұлттық прогреске және экономикалық дамуға ең ауыр қатерлердің бірі болып табылады. Оның әртүрлі көріністері бар. Соның бірі – мемлекеттің мұнай секторына тәуелділігі. Соның салдарынан жеке басының пайдасын көздеп, сыбайлас жемқорлыққа оңай бой алдыратын шенеунік қоғамға қауіп төндіретін бизнестегі ықпалды ойыншыға айналуы мүмкін.
Абайдың «Талап, еңбек, терең ой» атты тіркестерінің өзінен-ақ өзекті адамның дамуын, талаптанып, ілім-білім іздеуі қажет екенін аңғаруға болады. Бұл өсиет сөздері біздің қазіргі 21 ғасырда да өзектілігін еш жоғалтпайды.
Бүгінгі дәуір мүмкіндіктерді де, қиындықтарды да әкелетін технологияның жылдам өзгеруімен сипатталады. Қазақстан осы жаңа әлемде табысқа жетуі үшін оның азаматтары еңбекқор, жаңашыл және терең ойлы болуы керек. Бұл ішімдікке тәуелділіктен арылу, еңбек мәдениетін жастайынан енгізу бойынша жүйелі жұмыстың арқасында ғана мүмкін болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та түрлі жиындарда сөйлеген сөздерінде елді еңбекке, жауапкершілікке шақырады. Президент бірде Үкімет отырысында кейбір қазақстандықтардың мемлекеттен алатын жәрдемақыны алу үшін жалған кіріс есебін жасау, мал-мүлкін жасыру, басқа да әрекеттерге баратынын айтып, өкінішін білдірген болатын. Жасыратыны жоқ, дамып, бәсекеге қабілетті болудың орныны кейбір адамдар осындай әрекеттерге барады. Соның салдарының кейбір мұқтаж жандар қолдау ала алмай қалып жатады. Сондықтан жаңа технологиялар мен қарқынды даму үстіндегі заманда өмір сүріп жатқандықтан, өзгеріске бейім болуы қажет.
Жаһандану және жаңа технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында адами капитал мен білімге қойылатын талаптар айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Бүгінгі таңда сапалы білім жылдам прогресс пен өркендеудің негізгі факторына айналды. Үнемі баса айтылатын масылдық мәселесі бұл ілгерілеуді, дамуды тежеп, қоғамға айтарлықтай зиянын тигізеді. Осыны түсінген жастар білімге ұмтылып, тек адал еңбекке сүйену керек.
Еліміздің еңбек нарығында жұмыс істейтіндер мен жұмыссыздардың арақатынасы әрдайым зерттеліп, талдау жүргізіліп отырады. Адамдардың мемлекетке масылдылық деңгейін азайту мақсатында жауапты органдар жастарды жұмыспен қамту, қайтарымсыз кредит беру, кәсіпкерлікке баулу секілді қолдау шараларын жүргізіп отырады. Бұл едәуір халықтың осал тұстарын азайтуға, еңбекке дағдыланған халықтың үлесін арттыруға көмектеседі. Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің жұмыспен қамту органдарының мәліметтеріне сәйкес, 2023 жылғы желтоқсанда жұмыссыздар саны 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,9%-ға азайып, 709,8 мың адамды құрады. Ал Қазақстанда осы кезеңде жұмыссыздар саны 132,3 мыңнан 168,9 мың адамға дейін өсті, бұл республиканың еңбекке жарамды халқының 1,8 пайызын құрайды.
Алайда, Қазақстанда жұмыссыздар санының артуына қарамастан, бұл көрсеткіш Еуразиялық экономикалық одақтың басқа елдерімен салыстырғанда төмен деңгейде қалып отыр. Жұмыссыздықтың ең көп төмендеуі Арменияда тіркелді, онда жұмыссыздар саны 2,6 мың адамға азайды. Ресей мен Қырғызстанда да жұмыссыздық деңгейі төмендеген.
Бұған дейін Беларусь Еуразиялық экономикалық одақтағы жұмыссыздық деңгейі бойынша ең төмен ел болатын. Осыған қарамастан, одақтың басқа елдерінде, соның ішінде Қазақстанда жұмыссыздық деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады, бұл өңірдегі еңбек нарығындағы оң динамикасын көрсетеді. Осылай жұмыссыздықпен күресудің нәтижесінде ел дамып, деградацияға ұшырамай, дамыған елдердің қатарына енуі мүмкін.
Жұмыссыздарды масыл адам ретінде қарастыруға бола ма?
Негізі жұмыссыздарды ел үшін масыл ретінде қарастыру негізі нақты жағдайларға байланысты. Кейбір жағдайларда жұмыссыздар экономикаға ауыртпалық түсіруі мүмкін, өйткені олар табыс әкелмейді және жәрдемақы немесе әлеуметтік қолдау түрінде мемлекеттік ресурстарды тұтынуы мүмкін. Жұмыссыздық жалпы қоғамға зиянын тигізетін кедейлік, қылмыс және т.б. сияқты әлеуметтік мәселелермен де қатар жүруі мүмкін.
Дегенмен, басқа жағдайларда жұмыссыздар экономика үшін әлеуетті ресурс ретінде қарастырылуы мүмкін. Олардың көпшілігінде әртүрлі салаларды дамытуға қолданылатын дағдылар мен тәжірибе бар жұмыссыздарға жаңа дағдыларды алуға және жұмыс табуға көмектесу үшін оқыту және қайта даярлау бағдарламаларын енгізе алады. Мұндай жағдайда жұмыссыздар ауыртпалық емес, экономикалық дамудың белсенді қатысушылары бола алады. Сонымен қатар, ұзақ мерзімді перспективада жұмыссыздықтың төмендеуі тұтынушылық сұранысты арттыруға және өмір сүру деңгейін жақсартуға көмектесуі мүмкін, бұл, сайып келгенде, экономика мен жалпы қоғам үшін оң болуы мүмкін.