Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 16:25

Маск кетеді, DOGE де жұмысын тоқтатады - Трамп

Трамп пен Маск
Трамп пен Маск. Фото: AFP/Getty Images

 АҚШ президенті Дональд Трамп миллиардер Илон Масктың мемлекеттік жұмысқа уақытша жалданғанын және 130 күндік жұмыстан кейін кететінін айтты.

 АҚШ президенті Дональд Трамп Үкіметтің тиімділігі департаменті (DOGE) ақырында жұмысын тоқтататынын айтты, өйткені Илон Маск тек 130 күн ғана арнайы мемлекеттік қызметкер ретінде қызмет етеді, деп хабарлады CNN.

Трамп Tesla және SpaceX иегері Маск өз компанияларын басқаруға қайта оралуы керек деді. Бірақ президент оны мүмкіндігінше ұзақ ұстағысы келеді.

Трамптың айтуынша, федералды агенттік басшылары «көп нәрсені үйреніп алған» және өз жұмыстарын дербес жалғастыра алады. Президент олардың кейбіреулері DOGE қызметкерлерін қалдырғысы келетініне сенім білдірді. Трамп мемлекеттік органдардың басшылары өз жұмысын  атқара алатын уақыт келетінін айтты.

Наурыз айының басында АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мен Илон Маск Ақ үйде кездесу кезінде қатты айтысып қалды. Дауды үнсіз бақылаған президент Трамп Рубионы қолдап, оның жұмысын «өте жақсы» деп сипаттады.

Дереккөздерге сәйкес, Рубио мен Маск арасындағы қақтығыстың тамыры бұрыннан бар, атап айтқанда, бұрын Мемлекеттік хатшының құзырында болған USAID қызметін іс жүзінде тоқтатуға байланысты.