Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:30, 13 Маусым 2024

Мәскеу биржасына қарсы санкциялар Қазақстандағы валюта бағамына әсер ете ме?

Сүлейменов
Фото: Ұлттық банк

АҚШ-тың Мәскеу биржасына (MOEX) қарсы санкциясына жауап ретінде Қазақстан түрлі нұсқаларды, оның ішінде Қазақстан қор биржасының (KASE) акцияларын MOEX-тен сатып алу мүмкіндігін белсенді түрде қарастырып жатыр. Бұл туралы Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Ол сондай-ақ АҚШ-тың MOEX-ке қарсы санкцияларын енгізу KASE жұмысына әсер етпейтінін атап өтіп, MOEX-тің KASE-дегі үлесі небәрі 13% құрайтынын, ал санкциялар 50% және одан да көп үлесі бар тұлғаларға қатысты екенін түсіндірді.

Сүлейменов сондай-ақ валюта жұбының саудасына айтарлықтай әсер етпейтінін айтты, өйткені Ресей рублі мен доллармен сауда жасаудың балама платформаларына көшкен.

Айта кетейік,  12 маусымда АҚШ-тың Қаржы министрлігі мен оның шетелдік инвестицияларды бақылаушы ұйымы OFAC Мәскеу биржасына қарсы санкция жариялады. Көп ұзамай Мәскеу биржасы 13 маусымнан бастап доллар және еуромен валюта жұптары бойынша сауда болмайтынын хабарлады. 2024 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Мәскеу биржасы KASE орналастырылған акцияларының 13,1%-ына ие.

Ал кейбір ақша айырбастау орындарында доллар 455-456 теңгеге, рубль 5,05 теңгеге сатылып жатыр. Бір күн бұрын америкалық валюта 452,5-453 теңге аралығында сатылды, рубльге қатысты бағам әлі өзгерген жоқ.

Тегтер: