Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:28, 13 Маусым 2024

Мәскеу биржасына Ұлыбритания да санкциялар салды

Мәскеу биржасы
Фото: Григорий Сысоев

Ұлыбритания АҚШ-тан кейін Мәскеу биржасына қарсы санкциялар салды, деп хабарлайды Zhasalash.kz Meduza агенттігіне сілтеме жасап.

Ұлыбритания үкіметі санкциялар тізіміне Мәскеу биржасымен қатар, Ұлттық клиринг орталығы мен Ұлттық есеп айырысу депозитарийін қосты.

Түсініктемеде үш қаржы ұйымының да Ресей үкіметінен стратегиялық маңызы бар бизнесте жеңілдіктер мен қолдау алғаны және алып жатқаны айтылған. Ұлыбританияның санкцияларына активтерді бұғаттау және сенім қызметтеріне шектеулер кіреді.

Бір күн бұрын АҚШ Мәскеу биржасына, Ұлттық клирингтік орталыққа және Ұлттық есеп айырысу депозитарийіне қарсы санкциялар салған болатын. Осыдан кейін Мәскеу биржасы 13 маусымнан бастап доллар және еуромен сауда-саттықты тоқтататынын хабарлады. Келесі күні Ресей Орталық банкі 13 маусымнан бастап Гонконг долларымен сауда-саттықты тоқтатқанын жариялап, бұл валютаның АҚШ долларына байланғанын мәлімдеді.