Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:10

Мәскеуде 9 мамырға дейін интернетке шектеу қойылуы мүмкін

Кремль
Фото: ашық дереккөз

Ресей билігі Мәскеуде 9 мамыр – Екінші дүниежүзілік соғыста фашистік Германияны жеңу күніне арналған мерекелік шаралар кезінде интернет пен ұялы байланыс қызметтерінде үзілістер болуы мүмкін екенін ескертті.

 Бұл туралы 5 мамыр күні Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік жүйе тарапынан тұрғындарға SMS арқылы хабар берілген.

«Мерекелік іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында интернетке қол жеткізу уақытша шектелуі мүмкін», – делінген ТАСС агенттігі таратқан хабарламада.

Жергілікті тұрғындар мен қолданушылардың айтуынша, Мәскеу мен Мәскеу облысында ұялы байланыс желісіндегі ақаулар 5 мамырда-ақ басталған. "Билайн", "МТС", "Мегафон" және "Т2" сынды ірі байланыс операторларының желілерінде үзілістер тіркелген. ТАСС агенттігіне пікір білдірген «Билайн» және «Мегафон» өкілдері бұл ақаулардың олардың компанияларына тікелей қатысы жоқ екенін мәлімдеген.

Сондай-ақ, Downdetector қызметінің деректері бойынша, мобильді интернетке қосылу барысында да үзілістер байқалған. Осыған байланысты интернет операторлары қолданушыларға желіге қосылу үшін Wi-Fi байланысын пайдалануға кеңес беріп отыр.

Мәскеудегі бұл жағдай Ресейдің мемлекеттік құрылымдарының мереке қарсаңында қауіпсіздікті барынша күшейткенін көрсетеді. 

Тегтер: