15:41, 29 Қараша 2022
Мәскеуде Қазақстан аруы-2000 байқауының қатысушысы өлі табылды

Мәскеуде "Қазақстан аруы-2000" байқауының қатысушысы Наталья Стешенко (Семаго) өлі табылды, — деп хабарлайды Жас Алаш Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап,
Ресейлік БАҚ мәліметінше, Мәскеудің «Луна» театрының 37 жастағы актрисасын 28 қарашада түстен кейін кішкентай бала тауып алған.
Ол көршілерін көмекке шақырып, бәрі жедел жәрдем шақырған. Бірақ әйел дәрігерлер келгенше қайтыс болған.
Актрисаның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін анықталатыны айтылды.
Наталья Стешенко Павлодарда дүниеге келген, 2000 жылы "Қазақстан аруы" байқауына қатысқан. Ол Мәскеудегі «Луна» театрында жұмыс істеді, сонымен қатар «Алданған әйелдер лигасы» телехикаясында басты рөлді сомдады.