Мәскеуде «Самұрық-Қазына» өкілдері қауіпсіз еңбек жайын талқылады
Мәскеуде қауіпсіз, экологиялық таза және тиімді өндіріске арналған HSE DAYS халықаралық форумы өтті.
Қазақстандық делегация құрамына офлайн және онлайн сипатта «Самұрық-Қазына» АҚ тобының 9 компаниясының, сондай-ақ қор тобына енбейтін Қазақстанның 4 ірі өндірістік компаниясының өкілдері кірді.

Жалпы, форумға Ресей мен Қазақстанның 100-ден астам өнеркәсіптік кәсіпорындары HSE саласының 200-ден астам басшылары мен көшбасшылары офлайн түрде қатысты. 150-ден астам қатысушы шараға онлайн түрде қосылды.
Сондай-ақ, шара аясында 18 шеберлік сағаты өтті, олардың барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, қауіпсіздік саласындағы жаңа тәжірибелермен бөлісіп қана қоймай, ынтымақтастық көкжиегін айқындады.

Бүгінгі таңда «Самұрық-Қазына» қорының тобы Қазақстанның 295-тен астам жетекші компаниясын біріктіреді, олардың басым бөлігі өндірістік болып табылады. Қор қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері Холдинг пен оның портфельдік компаниялары үшін әрқашан басым болып келгенін және болып қала беретінін атап көрсетеді. Жаңа әзірлемелер, заманауи құралдар, ақпараттық технологиялар және көпжылдық сараптама, ең бастысы, жанашырлық – топ қызметкерлерінің ғана емес, барлық ел азаматының қауіпсіздігінің негізі болып табылады.

Форумда қор тобынан «Самұрық-Қазына» АҚ, «KEGOK» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті болып, онлайн сипатта «Самұрық-Энерго» ҰК» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компанияларының қауіпсіздік, экология және еңбекті қорғау қызметтерінің басшылары қатысты.
Өз әсерімен «Самұрық-Қазына» АҚ HSE секторының басшысы Хасан Қуаныш та бөлісті:
— Шара өте мазмұнды өтті, спикерлер өз салаларында құзыретті болғандықтан, HSE саласындағы өзекті тақырыптарды көтерді. Осы орайда қызметкерлердің қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау және жалпы жарақаттанудың, шығарындылардың, техногендік апаттардың нөлдік көрсеткіштеріне ұмтылу мәселелері өте маңызды деп санаймын. Біздің топтың компаниялары әлемдік сарапшылардың үздік кеңестері мен тәжірибелерін назарға алады деп ойлаймын. «Самұрық-Қазына» АҚ тобының HSE Days форумына қатысу қорытындысы бойынша компанияларға қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау мәселелерінде диалогты дамытуға және деңгейін арттыруға, сондай-ақ осындай шараларды өткізуге және республикада осындай алаңдарды құруға мүмкіндік беретін халықаралық байланыстар орнатылды, — деп атап өтті спикер.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, HSE DAYS бұл, бірінші кезекте, ақпаратпен тиімді алмасуды ұйымдастыру, еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесін дамыту мен жетілдіруге жәрдемдесу және де ТМД нарығының жетекші ойыншылары арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мақсатында HSE саласындағы кәсіпқойларды біріктіретін ашық алаң.
Қазақстандық делегацияның HSE DAYS форумына қатысуын «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті мен «EVERYCO» компаниясы бірлесіп ұйымдастырды.