Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:00, 24 Ақпан 2026

Мәскеуде тағы да жарылыс болды

Жарылыс
Фото: скриншот

Мәскеуде белгісіз адам жол-патруль қызметі көлігін жарып жіберді. Алдын ала мәлімет бойынша, полицей мен жарылыс жасаған адамның өзі қаза тапқан.

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, шабуыл түн ортасы шамасында Савеловский вокзалы маңында болған. Белгісіз адам патрульдік көлікке жақындаған сәтте жарылғыш құрылғы іске қосылған.

ІІМ дерегіне сәйкес, жарылыс салдарынан бір полицей көз жұмды, тағы екі жол инспекторы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ полиция болжамды жарылыс жасаған адамның оқиға орнында қаза тапқанын анықтаған.

Алайда «112» және Mash телеграм-арналары шабуыл жасаған адам тірі қалып, оқиға орнынан қашып кетуі мүмкін екенін жазады. Арналардың мәліметінше, ол жарылысты камераға түсіріп тұрған.

Ресей Тергеу комитеті құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғу және жарылғыш заттарды заңсыз айналымға шығару баптары бойынша қылмыстық іс қозғады.