Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:08, 03 Шілде 2024

Мәскеуде украиналық журналист Дмитрий Гордон сырттай 14 жылға сотталды

Гордон
Фото: facebook.com/nashlive.ua

Мәскеуде сот әйгілі украиндық тележүргізуші Дмитрий Гордонды сырттай 14 жылға бас бостандығынан айырды.

Тергеу мәліметтері бойынша, Гордон Ресейге қарсы соғысқа, лаңкестікке шақырып, өшпенділік пен араздықты қоздырады, ұлтына қарай бір топ адамның қадір-қасиетін қорлап, Ресей армиясы туралы «жалған» хабар таратқан.

Ресейлік ТАСС агенттігі айыптау қорытындысына сілтеме жасай отырып, украиндық тележүргізушінің Ресей және Беларусь президенттері Путин мен Лукашенконы өлтіруге шақырғанын айтты. Бұған дейін Дмитрий Гордон Ресейдегі лаңкестер мен экстремистер тізіміне енгізілген болатын.

Украинада жүрген Дмитрий Гордон Current Time басылымына берген сұхбатында Ресей сотының шешіміне қатысты пікір білдірді. Ол бұл процеске принципті түрде қатысқысы келмейтінін және бұл үшін адвокат жалдамағанын мәлімдеді. Сондай-ақ ол Ресей билігі тарапынан өміріне қауіп төнуі мүмкін екенін жоққа шығармаған. 

Тележүргізуші, өзінің «қорқықпайтынын» айтқанымен, қауіпсіздік туралы көп және мұқият ойлайтынын айтқан.

Мен жақсы өмір сүріп жатырмын, себебі біздің ісіміз әділетті, мен өз елімде тұрып жатырмын. Мен бұл соғыс туралы соғыстың басталуына 10 күн қалғанда өзім айтуды ұйғардым. Мен соғысқа байланысты алғашқы үндеуімді соғыс басталғаннан кейін 15 минуттан кейін жаздым. Оны миллиондаған адам тамашалады.

Мен қорқыныштан бас тарттым, қорқыныш туралы ойламаймын да. Толық ауқымды агрессия кезеңінде мен Украинадан ешқашан кеткен емеспін, бірақ мен мұны істей аламын: менің 16 жасқа дейінгі балаларым көп. Бірақ соғыс жүріп жатқанда өз елімнен кеткім келмейді.

Мен бұрын-соңды болмаған қауіпсіздік шараларын қолданып жатырмын, бірақ нақты ештеңе айта алмаймын. Менің мемлекетім маған қамқорлық жасайды. 

Мен қазір Ресейде «шетел агентімін», экстремистер мен террористер тізіміндемін, қылмыстық істің төрт бабы және Басман соты қамауға алды, сырттай 14 жылға сотталып, сонымен қатар екі рет іздеу жарияланды. Олар үшін мұның бәрі жеткіліксіз болды. Неге? Өйткені олар мені алғылары келеді. Украина аумағында, болмаса, басқа елдердің аумағында болсам да. Не мені ұрлау арқылы, не біреуге беру үшін. Олар ұзақ уақыт ойнайды. Мен оны түсінемін. Бұл маған ғана емес, сырттай сотталғандардың барлығына қатысты, деді Гордон.