Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:55, 27 Қазан 2023

Мәсімовтың көмекшісі Ербол Орынбаев азаматтығын ауыстырды

вс
Фото: из открытых источников

 Ербол Орынбаев Кәрім Мәсімовтің ең жақын адамдарының бірі

Қаңтар оқиғасынан кейін 18 жылға сотталған ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ең жақын адамдарының бірі Ербол Орынбаев азаматтығын ауыстырады, деп хабарлайды Zhasalash.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Орынбаев қазір АҚШ-та. Тіпті Америка азаматтығын алуға өтініш беріп үлгеріпті.

Сондай-ақ Мәсімовтің көптеген алаяқтық әрекеттерін Орынбаев басқарды деген ақпарат бар. Сонымен қатар оның кезінде Президент Назарбаевтың көмекшісі болғанын және Премьер-Министрдің орынбасары қызметін атқарғанын еске сала кеткен жөн.

Сонымен қатар ол ҚР Ұлттық банкінің, Қаржы нарығын реттеу агенттігінің басқарма мүшесі болды және ірі компаниялар мен коммерциялық емес ұйымдарды, оның ішінде «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын басқарғандардың бірі болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қайрат Боранбаевтың жиені Астанада түрмеде отырғаны белгілі болған.

Сонымен қатар еліміздің бұрынғы премьер-министрі Әкежан Қажыгелдин Қазақстанның ұрланған капиталды қайтаруға неліктен асықпайтынын түсіндірді.