Мәсімовтың ұлты кім?
Мәсімовтер отбасының дәрігері, профессор, Арай Төлемісова «Адал Адам» YouTube арнасына берген сұхбатында бұрынғы ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының шыққан тегі туралы айтты.
Оның сөзінше, Кәрім Мәсімовтың әкесі Қажымқан Мәсімов найман руынан шыққан.
«Қажымқан Мәсімовты (Кәрім Мәсімовтің әкесі – ред.) бәрі ұйғыр дейді, бірақ олай емес. Мен оның компьютерден бір құжаттарын көрдім, сол жерде найман деп жазылып тұрған. Оның Ақсулық (Талдықорған) найман руынан екенін өз аузынан да естідім. Онда ол мешіт салдырды. Сонда ас берілгенде де болғанмын», - дейді дәрігер.
Сонымен қатар профессор Төлемісованың сөзінше, Кәрім Мәсімовтің анасы Элеонора Мәсімова қазір шетелде. Бірақ сұхбатта нақты қай жерде екені айтылмаған. Ол Мәсімовтың анасына барлық қажетті дәрі-дәрмектерді өзі жіберетінін, бірақ олар негізінен телефон арқылы сөйлесетінін айтты.
Айта кетейік, 2023 жылдың сәуірінде сот Мәсімов пен оның орынбасарларына қатысты үкім шығарған болатын. Ол мемлекетке опасыздық жасау, билікті басып алуға үгіттеу және билікті асыра пайдалану бойынша кінәлі деп танылды.
Ал, жақында Мәсімов президентке кешірім жасау туралы өтініш жазған, бірақ оның қабылданбағаны айтылды.