11:26, 14 Тамыз 2024
Мәсімовтің күйеу баласына іздеу жарияланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-та Кәрім Мәсімовтің күйеу баласы саналатын Азамат Абайұлы Қапеновқа іздеу жариялады.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Азамат Қапеновты іздеп жатқаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл оқиға Шығыс Қазақстан облысында тіркелді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Қапенов Кәрім Мәсімовтің күйеу баласы болған, ол бұрынғы ҰҚК басшысының үлкен қызына үйленген.
Ал, іздеу BIPEK-Auto корпусына қатысты болуы мүмкін.