Матаевқа қарсы 274-бабы бойынша қылмыстық қудалау тоқтатылды
Әсет Матаевқа тағылған «жалған ақпарат тарату» айыбы алынып тасталды.
Бұл туралы оның адвокаты хабарлады. Сонымен қатар ол Матаевтың ұсталуына себеп болған төбелестің мән-жайын да айтып берді.
— Асеттің досы жігіттердің бірін қызбен шатастырып алған. Менің түсінуімше, жанжал осыдан басталған. Негізі ол жігіттің сырт келбеті ерекше болған. Түнгі сағат екі шамасында, қараңғыда, досымен отырғаннан кейін, әрі арт жағынан қарағанда шатастырып алу оңай, - деп жазды адвокат Рена Керімова Facebook парақшасында.
Бүгін сот бұлтартпау шарасына қатысты санкция беруі тиіс.
Еске салайық, Матаев Медеу ауданындағы ойын-сауық мекемелерінің бірінің жанында болған төбелестен кейін ұсталған еді. Полиция департаменті бұған дейін қақтығыс алдымен ауызша жанжалдан басталып, кейін төбелеске ұласқанын хабарлаған. Іс «Бұзақылық» бабы бойынша қозғалған.
Алайда Рена Керимова «ҚазТАГ» иесі Асет Матаев Алматыда соққыға жығылып, ауыр жарақат алғанын мәлімдеді.
«Жаңа ғана қорғауымдағы Әсет Матаевпен сөйлестім! Ол шынымен ұсталған [...] Алайда, Әсеттің айтуынша, [...] шамамен бес-алты адам [...] оған және оның досына шабуыл жасап, аяусыз соққыға жыққан. [...] Әсеттің басын жарып жіберген, басында ашық жарақат бар, сол жақ маңдай қуысының алдыңғы және төменгі қабырғасы сынған [...] Қазір өзін өте нашар сезініп отырғанын айтты», — деді адвокат.
Оның сөзінше, Матаев сот-медициналық сараптамаға жіберілген. Әріптестері Медеу аудандық полиция басқармасына барып, оған заңгерлік көмек көрсетіп жатыр.
Адвокаттың айтуынша, оқиға Матаев пен оның досы Достық даңғылындағы бардан шығып, таксиге бет алған сәтте басталған. Қорғау тарапының нұсқасы бойынша, оларға белгісіз адамдар тобы шабуыл жасаған.