Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:41

Мәтібұлақта қаза болған сарбаздың туыстары оның суицид жасағанына сенбейді

Дінмұхаммед Шынарбек
Фото: Halyqstan телеграм арнасы

Жамбыл облысы, Мәтібұлақ ауылында №01098 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаздың сүйегі табылды.

 Әскерилер Дінмұхаммед Шынарбек қазасын «өз-өзіне қол жұмсау әрекеті» деп хабарлағанымен, туыстары бұл нұсқамен келіспей, істің барлық мән-жайын жан-жақты тексеруді талап етіп жатыр. Бұл туралы Halyqstan телеграм-арнасы жазды.

 Қаза болған сарбаздың әпкесі, Шымкент тұрғыны Еңлік Қалтаева мәлімдегендей, өткен күзде әскерге Даниял Шынарбек шақырылған, ал көктемде оның егіз ағасы Дінмұхаммед те әскер қатарына алынған. Бауырлар бірге Отар гарнизонында қызмет етеміз деп үміттенген, алайда ант қабылдағаннан кейін Дінмұхаммедті №01098 әскери бөлігіне ауыстырған. Осылайша, егіздер бөлек қызмет атқаруға мәжбүр болған.

Кеше олардың ата-анасына қайғылы хабар жеткен.

«29 тамызда ол 19 жасқа толды. Еңбекқор, мейірімді, болашаққа жоспары бар жігіт еді… Оның өмірімен қош айтысуына сенбейміз. Президенттен істі әділ тергеуді сұраймыз. Ол Отанын қорғауға кетті, өлімге емес», — деді марқұмның әпкесі Еңлік Қалтаева.

«Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысының тапсырмасымен оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия жіберілді. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтады және қажетті көмекті көрсетеді», - делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі таңда өлімнің себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

 

Тегтер: