Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:41

Мәжіліс депутаты атақ пен марапаттың заңсыз саудаға айналғанын айтты.

Мақсат Толықбай
Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты атақ пен марапаттың заңсыз саудаға айналғанын айтты.

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жолдаған депутаттық сауалында Қазақстанда атақ пен марапаттың заңсыз саудаға айналғанын айтып, бұл үрдістің қоғам үшін қауіпті екенін мәлімдеді.

Депутаттың сөзінше, бүгінде белгісіз әрі ресми мәртебесі жоқ қоғамдық ұйымдар медаль, орден және түрлі атақтарды ашық та, жасырын түрде сатып, оны табыс көзіне айналдырған.

Ол келтірген деректерге сәйкес, «Қазақстанның құрметті азаматы», «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері», «Ұлт ұстазы» сынды атақтар 20 мыңнан 100 мың теңгеге дейінгі аралықта сатылуы мүмкін.