Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:41

Мәжіліс депутаты бейбіт митингілерге шектеу қою ауқымын кеңейтуді ұсынды

1
Фото: Жас Алаш коллаж

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Конституциялық комиссияның екінші отырысында бейбіт митингілерге шектеу қою ауқымын кеңейтуді ұсынғанын хабарлады.

 Депутаттың айтуынша, бұл өзгеріс жиналу еркіндігі мен мемлекет пен қоғам мүдделері арасындағы тепе-теңдікті нақтылауға бағытталған.

Жаңа түзетулерде Конституциялық құрылымды қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын сақтау сияқты негіздер енгізіледі.

Қазіргі Конституцияның 32-бабында: «Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қаруланбаған жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға құқылы» делінген. Оған қоса бейбіт жиналыстарға шектеу тек мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау және басқа адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында ғана қойылуы мүмкін екені көрсетілген.

Тегтер: