Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:35

Мәжіліс депутаттары: Қазақстан әскері Газаға жіберілу мәселесі парламентте қаралмаған

мәжіліс депутаты
Фото: из открытых источников

Қазақстан әскері Газа секторы бойынша бітімгершілік миссияға жіберілуі туралы мәселе ел парламентінде қаралмаған.

Бұл туралы 20 ақпанда "Азаттыққа" мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері Олжас Құспеков пен Самат Нұртаза хабарлаған.

Олжас Құспековтің айтуынша: «Бұл бастама, біз әлі қарағанымыз жоқ. Ұсыныс енгізілсе, ол қаралады. Заң бойынша бітімгершілер парламенттің келісімімен жіберіледі».

Самат Нұртаза телефон арқылы: «Қазір біз өңірлерге сапардамыз. Астанаға оралған соң отырыс болады, мүмкін онда бұл мәселе қаралады», - деп жауап беген.

Қазақстан Конституциясына сәйкес, Қарулы Күштерді халықаралық міндеттемелерді орындауға жұмсау туралы шешімді президенттің ұсынысы бойынша парламент қабылдайды. Ал бітімгершілік қызмет туралы заңда президенттің әскери бөлімшелерді пайдалану ұсынысын палаталардың бірлескен отырысына енгізуі міндеттелген.

19 ақпанда Вашингтондағы Бейбітшілік Кеңесі отырысында Тоқаев «Қазақстан халықаралық қауіпсіздік күштерін қолдауға, оның ішінде медициналық бөлімшелер мен бақылаушыларын Азаматтық-әскери үйлестіру орталығына жіберуге дайын» деп мәлімдеді.

Қазақстан Президенті баспасөз қызметінің хабарламасында Тоқаевтің әскери күштерді жіберуге ниеті бар делінбеген, тек медиктер мен бақылаушылар туралы айтылған.

Тегтер: