Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 18:58

Мәжіліс депутаттары Жетісудағы кірпіш-керамзит зауыты қызметкерлерімен кездесті

1

Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары Руслан Қожасбаев пен Болат Керімбек Жетісу облысына жұмыс сапары барысында Көксу ауданындағы «Строитель» кірпіш-керамзит зауытының жұмысымен тынысып, еңбек ұжымымен кездесті. 

Сапардың негізгі мақсаты – өндіріс процесімен танысып, жұмысшылардың жағдайын білу. 

1

Кездесу барысында серіктестіктің бас директоры Александр Бузыкин зауыттың автономды режимде жұмыс істеп, жылына 44 млн дана кірпіш шығаратынын айтты. Сонымен қатар керамзитті кірпіштер бағасының нарықтағы бағамен сәйкестігін және бәсекеге қабілеттілігін атап өтті. Ендігі кезекте өндірісті сұранысқа қарай ұлғайту жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылғандай, қазір өңірде өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану үшін жан-жақты шаралар қабылдануда. Депутаттар отандық кәсіпорындарды қолдау, өндірісті дамыту бойынша атқарылып жатқан іргелі істер мен қабылданып жатқан заңдар туралы айтып берді.

– Зауыт – құрылыс материалдарын өндіруге арналған технологиялық жабдықтардың жетекші өндірушісі. Германияның инновациялық технологиясы мен жабдықтары негізінде салынған. Мұндағы технологиялар мыңнан астам өнім атауын шығаруға және өндірісті нарық қажеттіліктеріне бейімдеуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын өз өнімдерімен Жетісу өңірін ғана емес, Қазақстан нарығын да қамтамасыз етіп отыр, – деді Болат Керімбек.

1

Кірпіш зауыты өңірдегі құрылыс саласын қолдап, сапалы өніммен ғана емес, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуда. Мұнда 100-ден астам адам қызмет етеді. Мәжіліс депутаттары жұмысшылардың еңбек жағдайларына назар аударды.

– Сіздер мемлекетіміздің дамуы жолында үлкен жұмыс атқарып келесіздер. Осы жерде айтылған мәселелердің барлығын біз тиісті мекемелерге жеткізетін боламыз, – деді Руслан Қожасбаев.

1

Облыс құрылған күннен бастап 43 жаңа өндіріс іске қосылып, жұмыс істеп тұрған 9 кәсіпорын кеңейтілген. Нәтижесінде мыңнан астам адам жаңа жұмыс орнымен қамтылды. Қазір облыста цемент, аккумулятор батареяларын, керамика плиткаларын шығару жолға қойылып, құрама жем, күн панельдерінің өндірісі дамуда. Жалпы өңірде 549 өндіріс орны тіркеліп, оларда 30 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Өнеркәсіптегі өңдеу секторының үлесі 76,4 пайызды құрайды.  

 

 

Тегтер: