Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:09, 15 Тамыз 2023

Медицина қызметкерлерінің біліктілігі жоқ. Прокуратура Шымкенттегі балалар лагерін тексерді

None
None

Шымкент қаласының прокуратурасы балалардың сауықтыру лагерлерінің қызметінде балалардың өмірі мен денсаулығына әсер ететін бұзушылықтарды анықтады.

Атап айтқанда, «Hawaii» лагері өртке қарсы дабыл жүйесімен жабдықталмаған және міндеттелген  санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз жүзеге асырған, ал 2023 жылы бұл лагерьге 478 баланы орналастырған.

Ең көбі 220 баладан аспайтын "Үш бұлақ" лагерінде 310 оқушы орналастырылған, тиісінше бір баланың ұйықтайтын орны 4 шаршы метрдің орнына 2,8 шаршы метрге дейін қысқарған.

«Сонымен қатар, лагерьлердің көптеген қызметкері еңбек шартынсыз жұмыс істеген, медициналық қызметтерді біліктілігі жоқ және медбике маманының сертификатынсыз қызмет көрсетуде. Медициналық кабинеттердің өзі белгіленген талаптарға сәйкес келмейді, міндетті медициналық препараттар мен жабдықтар жоқ», — делігшен хабарламада.

Тексеру іс-шаралары жалғасуда, нәтижелері бойынша шаралар қабылданатын болады. 

Айта кетейік, бұған дейін  Батыс Қазақстан облысында оқушыларды лагер орнына саунаға орналастырғанболатын.

Дәл осындай жағдай Алматы облысында да тіркелген еді. Кейіннен Алматы білім басқармасы балаларды саунаға орналастырған компаниямен соттасатынын хабарлады.

Тегтер: