15:00, 12 Қаңтар 2023
Медсақтандыру қорының басшысы 17,5 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Ақтауда әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры филиалының басшысы Руслан Бектібаев 17,5 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілініп, қамауға алынды,
Бектібаев медициналық фирмалардың бірімен ауыз жаласып, қор арқылы тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде қызметтерді сатып алу шартын жасасқан.
Осылайша, Денсаулық сақтау министрлігінің базасына емделу немесе дәрігердің кеңесін алған адамдар туралы жалған мәліметтер енгізіп отырған.
«Азаматтарға тегін медициналық көмек көрсетілген. Бірақ іс жүзінде бұл қызметтер жасалмаған. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр», — деді Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттықов.