Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:24, 07 Қазан 2020

Мегаполиске жылу 15 қазанда беріледі

None
None

Шымкент қаласында жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда.  1 қазаннан бастап қаланың магистралдық және ішкі орамдық жылу жүйелерін суық сумен толтыру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта қаланың магистралдық жылу жүйелері толықтай суға толған.

«Ішкі орамдық жылу жүйелерін суға толтыру жұмыстары жалғасуда. Бұл тұрғыда бүгінгі атқарылған жұмыстар 60%-ды құрайды. Қазан айының 10-12 дейін қаладағы магистралдық ішкі орамдық жылу жүйелері толықтай суық сумен толатырылатын болады», — дейді Шымкент қаласы энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының бас маманы Гүлназ Шадманова.

Шымкент аумағында жылу 15 қазаннан бастап қосылады. Әуелі аурухана, балабақша мен мектеп сияқты әлеуметтік маңызы бар ғимараттар жылумен қамтамасыз етіледі.

Тегтер: