Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:05, 22 Қазан 2020

Мегаполисте ауыл шаруашылығы өнімдері артып келеді

None
None

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында биыл 3 млрд 491 млн теңге субсидия бөлінген.

Бүгінгі таңда жоспарға сәйкес 9 ай көлемінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы толығымен игерілді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мамандарының айтуынша, егін шаруашылығына — 89,8 млн теңге, мал шаруашылығына — 230,4 млн теңге, қайта өңдеу саласына – 274,2 млн теңге, инвестициялық субсидия бағытына – 648,4 млн теңге, ауыл шаруашылығы малын, техника және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға – 67 млн теңге субсидия берілген.

Нәтижесінде осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 27 млрд теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,6 млрд теңгеге артқан.

Тегтер: