Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:07, 27 Қазан 2020

Мегаполисте «EcoSana» акциясының төртінші кезеңі өтті

None
None

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасы аясында EcoSana сенбілік акциясының 4-кезеңі Әл-Фараби ауданы Сәуле шағынауданының Жаңабазар көшесі аумағында өтті.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Акцияның мақсаты — жастардың экологиялық білімін арттыру және қоршаған ортаны таза ұстау, тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Тазалық іс-шарасына қала белсенділері, волонтерлік ұйымдар, Қоғамдық келісім, Жастар орталығы қызметкерлері мен жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан құралған 17 команда жасақталып, 200-ге жуық белсенді жас қатысты.

Сондай-ақ акция барысында Сәуле шағынауданының аумақтарында қоқыстар мен басқа да тұрмыстық қалдықтардан тазарту, әлеуметтік нысандардың айналасындағы қоқыс қалдықтарын шығару және тазалық жұмыстары жүргізілді.

Cенбілік акциясы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, ұйымдастырылды.

Тегтер: