Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:46, 20 Қыркүйек 2020

Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды

None
None

Шымкент қаласында білім саласы толығымен автоматтандырылған. Балабақшаға кезекке қоюдан бастап техникалық және кәсіптік білім беру саласына дейінгі қызмет көрсету түрлері электронды жүйеге көшкен.

Солардың бірі —  білім беру ұйымдарында енгізілген «Миндаль» қосымша білім беру платформасы өз тиімділігін көрсетіп отыр.

Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Шымкент — адалдық алаңы» жобасының ANTIKOR LIVE тікелей эфирінде айтты.

–«Миндаль» қосымша білім беру платформасы арқылы ата-аналар балаларын ән-би, көркем-сурет секілді түрлі қосымша үйірмелерге қатыстыру үшін өтінім бере алады. Осыған дейін бұл қызмет 5 жұмыс күнінің ішінде қаралып келген. Ал қазір 30 минуттың көлемінде үйірмеге қабылдануға мүмкіндігі бар», — деді Мұрат Әйтенов.

Айта кетейік, аталған платформа арқылы былтыр 142 өтінім берілген, биыл 633 өтініш келіп түскен.

Тегтер: