Мейрам Қажыкен Өскемендегі диагностикалық орталық қызметкерлерімен кездесті
Ел президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкеннің өңірлердегі үгіт насихат жұмыстары жалғасуда.
Бүгін үміткер Өскемен қаласына келіп, Шығыс Қазақстан ауруханасының диагностикалық орталығының медицина қызметкерлерімен кездесті.
Кандидат жиналғандарға өзі туралы және сайлауалды бағдарламасы жайлы айтып берді. Содан соң ақ халаттылар да өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Пікір алмасу әсіресе еңбекақыны арттыру, денсаулық сақтау саласын қаржыландыру, әлеуметтік төлемдер секілді тақырыптармен өрбіді.
«Дамыған елдерде медицина саласына деген көзқарас өзгеше. Оларда бұл саланы қаржыландыру ЖІӨ-нің 6%-ды құрайды. Ал бізде – 1,5%. Бұл 4 есе төмен деген сөз. Біздің медицина әсіресе мемлекеттік қаржыландыру есебінен жұмыс істейтін ұйымдар қаржыландырылмайды. Ал қаржыландыру медициналық мекеменің барлық шығындарын өтеуге жеткілікті болуы тиіс. Негізінде, денсаулық сақтау саласына реформалар жүргізу өте күрделі процесс. Бірақ кадрлар даярлау, ғылыми зерттеулер жүргізу және т.б. бағыттарда нәтижеге жете аламыз. Медицина бағыты дамусыз, тасада қалмау керек. Бұл мен күрделі де жауапкершілікті міндет. Бірақ мен бұл міндетімді абыроймен ақтаймын», — деп атап өтті М. Қажыкен.
Мемлекеттік қаржыландырумен қоса, ерікті медициналық сақтандыру жүйесін дамыту қажет.