18:25, 28 Қазан 2022
Мейрам Қажыкен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды
ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Қостанайға келді. М. Қажыкенді вокзалда өңірлік штаб өкілдері мен еріктілер қарсы алды.
Үміткер өз сапарын Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайынан бастады. Мұнда қызметкерлер М.Қажыкенге аймақтың және мұражайдың даму тарихы туралы айтып берді.
Мейрам Қажыкен тарихи-мәдени ағарту орнының маңыздылығына тоқталып өтті. Мұражай қызметкерлері әсіресе жастар мен болашақ ұрпақ үшін өте маңызды жұмысты атқарудасыздар, деді үміткер.
«Мен еңбек адамының мүдделерін қорғайтын ұйымдар – кәсіподақтар атынан ұсынылдым. Сіздер де де еңбек адамысыздар. Сондықтан мен сіздердің де мүдделеріңізді де қорғайтын боламын», — деді М. Қажыкен мұражай қызметкерлеріне.