Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:08, 09 Қараша 2022

Мейрам Қажыкеннің штабы 14 аймақты аралайды

None
None

Президенттіке үміткер Мейрам Қажыкеннің сайлауалды штабының жетекшісі Абыл Кекілбаев сайлауалды бағдарлама 14 аймақта таныстырылатынын айтты.

«Екі аптадан аз уақыт қалды. Мақсатымыз – ел түкпіріндегі еңбек адамдарымен кездесу. Қазір Мейрам Қажыкен Батыс Қазақстанда үгіт-насихат жұмысын жүргізіп жатыр. Одан кейін Оңтүстік Қазақстанға баруды жоспарлап отырмыз. Біздің штабқа көптеген ұсыным мен пікір келіп жатыр. Өңірлердегі штабтар да жұмыссыз қалмады. Олар ауқымды үгіт-насихат жұмысын жүргізіп жатыр. Штаб жалақы мәселесін көтеріп жүр. Дағдарысқа, әйелдердің зейнет жасына қатысты сұрақтар халық тарапынан көп қойылады», — деді ол.

Кекілбаевтың айтуынша, өңірлерде 14 штаб жұмыс істеп жатыр.

«Қазақстан бойынша 140 сенімді өкіл бар. Қазір жастардың арасынан сайлауда байқаушы болатын волонтерлар іріктеліп жатыр. Аймақтардағы штаб өкілдері кәсіпорындардың ұжымдарымен жұмыс істеп жатыр. Күн сайын үгіт-насихат жүргізіліп жатыр. Халықпен жарты, бір сағатқа жоспарланған кездесулер 2 сағатқа созылып жатады. Кейбір аймақтарға уақыт тығыздығынан бара алмадық. Алайда біздің штабқа сол өңірдегі еңбек адамдары каскаларын салып жібереді. Бұл қолдау ретіндегі трендке айналды», — деді ол.

Тегтер: