Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат жұмысы Семей қаласында жалғасты
ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат жұмыстары Семей қаласында жалғасты.
Алғашқы аялдама «Семей инжинеринг» зауыты болды. Айта кетейік бұл орын 1987 жылы ашылғаннан бастап 2004 жылға дейін «бронды жөндеу зауыты» деп аталған.
Кәсіпорын жұмысшыларымен кездесу барысында кандидат экономикалық реформалардың бір бөлігі ретінде ең төменгі жалақыны қалыптастыру тақырыбына толық тоқталды.
«Бүгінгі таңда ең төменгі жалақының қалай анықталатыны белгісіз. Мен оны индекстеуді ашық етіп қана қоймай, ЭЫДҰ (экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) дамыған елдерінің деңгейіне жеткізуді ұсынамын. Тиісінше, ЕТЖ 60 мың теңгені емес, кем дегенде 150 мың теңгені құрайтын болады», — деп нақтылады М. Қажыкен.
Кандидат азаматтық қоғам тақырыбына тоқтала отырып, бұл өз бағдарламасының негізгі бөлімі екенін атап өтті.