Мекемтас Мырзахметов: Тоқаевқа өзім барғалы жүрмін

М. Әуезов атындағыӘдебиет және өнер институтынының жанындағы Рахманқұл Бердібай атындағы Халықуниверситетінің кезекті лекциясы өтті.
Лектор – Мекемтас Мырзахметов, модератор– Кенжехан Матыжанов. Халық университетінде айтылған сөздің ықшамдалғаннұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.
– Осы Әуезов музейінде біраз жыл қызмет еткен, қазіргіхалық рухының ақсақалдарының бірі, бәріміздің ұстазымыз Мекемтас Мырзахметовбүгін бізге әңгімесін айтады. Мекемтас аға, сізгі қайта-қайта сөз беріпотырудың қажеті болса қоймас. Әңгімені бір бастасаңыз, баяғыда дәріс бергенкезіңіздей көсіліп кете бересіз. Абай мен Әуезов сіздің ғалым ретінде қалыптасуыңызғанегізгі ықпал етті. Биыл Абайдың 175 жылдық мерейтойына дайындық жылы. Бізге керегіАбайдың шығармашылығы. Биыл абайтану ғылымының қалыптасқанына 125 жыл. Осы 125жылдыңсоңғы елу жылын Мекемтас Мырзахметовпен байланыстыруға болады. Әуезовтің тірікезінде батасын алған. Абайды жан-жақты зерттеу мәселесін қаузап келе жатқан ғалым.Бүгінгі біздің тақырыбымыз – Абай ілімі және рухани жаңғыру. Алғашқы сөзөзіңізде.
– Мен абайтанушыболамын деп ойлаған жоқпын. Тоғызыншы сыныпты аттап-пұттап өтіп кеттім. Ол кездеоқылмай қалды. Бірінші курсқа келгенде академик Қажым Жұмалиев халық жауы болыпқамалып кетті. Біреулер келіп, бізге сабақ берді, олар сөйлемейді, жазғанынайтып, бізді жалықтырды. Біз пединститутты бітіргенде әдебиеттен ештеңе алаалмадық, қайта тілді оқып шықтық. Тілдің қалыптасқан жүйесі бар еді. Әдебиетте бізоқуға тиіс адамдардың бәрі ұлтшыл болып шықты. «Бәрі ұлтшыл болса, онда негеоқимыз?» деп бір баланың айтқаны бар еді. Сондықтан Абайға келемін дегенешқандай ойым болған жоқ. Аспирантураға түсуім керек болды. Бес балам бар,жасым 31-де. Тез оқып, кандидат болуым керек. Жеңіл тақырыпқа жүгірсем, Қажекеңқайтарады. «Абайды аласың» дейді. Мен білмеймін деп айта алмаймын. Үш ай өтті. Бәрітақырып алып қойды. Бір күні: «Есік ашық, Абайды алсаң, ал. Алмасаң, кете бер»деді. Мен аспирантураға зорға түскем, Баукең айтып, Мәлік түсірген. Сөйтіп Қажекеңзорлап көндірді. Баукеңнің үйіндегі жеңгеммен ақылдасып едім: «Аспирантураныңақшасы жетеді. Ақшаң бар, оқы» деді. Көніп, Қажекеңнен тақырып алдым. Тақырыбым:«Абайтанудың тарихы». Төтеше, латынша, қадымша күніне бір әріп жаттап жүріпүйреніп, архивке отырдым. Сөйтіп жетпіс бес жылдағы абайтанудың тарихынтүгендедім. Таза архивпен алып шықтым. Қажекең былай жаз деп айтқан жоқ. Таза өзімніңеркіме берді. Абайтанудың системасын жасадым. Одан бұрын Ташкентте Әуезовпенкездесіп, екі күн жанында болдым. Тақырыбымды айттым. Мен «Абай және Шығысты»алғым келген. Мұхаң: «Жолың болмайды» деді. Мен түсінген жоқпын. Соны кейінбілдім. Ол кезде жолым неге болмайтынын сезе алғам жоқ. Кейін Ғұламаһи Дауанидыіздеп жүріп зорға тауып, кім екенін жазған едім. Содан кейін Шығысына құмартыпедім. Кейін «Абайтанудың тарихын» алғанымды айттым. «Өңкей дөкейлер, тиіссең,пәлеге қаласың» деп қиынығын айтып едім, «Оларға тиіспе, кішкентайларын соқсаң,соларға барып тие береді» деді. Сол тақырыбымды Мұхаң мақұлдады. Біз оныншысыныпты оқығанда, космополитизм туралы қаулы шыққан екен. Бар пәле сонда жатыр.Ол түркі халықтарын, мұсылмандарды түп-тамырымен жоюды көздеген заң. Шығысын зерттесем,соған барып тіреледі екенмін. Солай абайтанудың тарихын жазып шықтым.
– Қайым Мұхамедхановтың құлап жүргені сол кезең бе?
– Жоқ, ол менен бұрын ғой. Сондабірінші рет шашым түсті. Сағат таңғы тоғыздан түнгі он бірге дейін отырам. Кітапханашыларқуып шығады. Абайдың библиографиясын жасадым. Әйтпесе оны аша алмайсың. Бала кездеАбайды тап жауы ретінде қарайтынбыз. Содан Абайға барғым келмеген шығар. Кандидаттығымдықорғаған кезде қиын болды. Он сегіз адам сөйледі. Он бірі қарсы болды, жетеуіжақтады. Не керек, содан өліп талып, қорғадым. Авторефераттың бірінші бетінде «БисембиевтіңАбайды атеист дегені жалған. Ол ешуақтта атеист бола алмайды» деген сөйлемболды. Содан төпеп берді. 45 минут сөйледі. Саяси қате жұмыс деп баға берді.
Архивтегі құжаттарды көрген соңАбай тарта берді. Маған дейінгі барлық жазылған дүниелерді оқыдым. Бірақ Абайдысонда да тани алмадым.
– Ол кезде Бөкейхан, Байтұрсынұлыларды оқи алдыңыз ба?
– Архивке барғанда,қадымша, төтеше, латынша білуге міндетті болдым. Әйтпесе кіре алмайсың. Сол себептіоларды оқыдым.
Абайда жәуенмәрттілік деген бар.Үш жыл жүрдім осыны таба аламадым. Өзбек, татарлардан ештеңе табылмады. Ақыры сонытаптым. Жәуенмәрттіліктен бір жігіт қорғады. Бірақ маған ешқандай сілтемебермейді. Бұл ғылымдағы жаман қасиет.
– Ғылыми мәдениетке жатпайды ғой.
– Иә. Барлық сілтеменіғалым қайдан алғанын айтуы ғылымда шарт. Тағы бір ойлағаным, Абайдың «толықадам» дегені басымда тұрып қалды. Абай өте үлкен мән береді. Бірақ ашыпайтпайды. Ақыры соны ашу керек деген ойға келдім. Жәуенмәрттілікті білдім, ендімұны ашу керек. Кейін байқасам, оның мәні тереңде екен. Осы адамзат жаратылғалыбері ізгілік идеясы қайдан шықты деп ойладым. Іздедім. Қытайлар біздіңдәуірімізге дейін бес мыңжылдықта «жақсы адам» деген ұғымды айтқан. Бірақ кейінКонфуций келіп, өз ілімін жайып, ол ілім тоқтап қалды. Кейін үнді, Иранды зерттеп,«Авестаны» оқыдым. Бірақ ирандықтар оны дәстүрге айналдыра алмаған. Кейін түркіхалықтарын қарасам, оларды үлкен дәстүр болған екен. Олардан ахи деген ұғымдытаптым. Ол жомарт деген мағына береді. Алып Ер Тұңға өзі мырза, бай, барғанжерінде халыққа көмектесіп жүрген. Соған адамдар еліктеп, бизнес жасайды. Біздіңбизнес өзінің қалтасына қарайды ғой. Олар өзінің отбасына жететінді алады да,қалғанын халыққа таратып береді. Бұл 7-11 ғасыр арасында түркілерде кеңтараған. Бұл ахидің дәуірі. Қазақтың бір сөзі бар: «Бір жылдығын ойлаған бидайегеді, он жылдығын ойлаған тал егеді, мәңгілігін ойлаған баласының санасынаізгілік егеді» деген. Мен осыны ұстадым. Бұндай сөзді бұрын ешқандай ұлт айтаалмаған. Ахиден кейін әл-Фарабидің «парасатты адам» деген идеясы шықты. Онда елбасқаратын адамның он екі түрлі қасиеті болуы керек. Бұрынғы президентімізде соның он бірібар еді, біреуі жетпей қалды ғой. Одан кейін «Құдатғу білік» шықты. Онда төрткейіпкер, төрт ұғым бар. Одан кейін «Кабуснама» шықты. Оның бастамасы «Құдатғубілікте» жатты. Кейін Ахмет Яссауи алып шықты. Ол Абайға жалғанды. Міне біздіңұстауымыз тиіс алтын арқау осы. Бұны ешкім бұза алмайды. Міне осы дүниелерменің толық адамды түсінуіме сеп болды. Бұл тақырыпты жиырма жыл зерттедім. Әуезовбұны білді. Бірақ дінге қатысты болған соң, айтқан жоқ. Өйткені оның жауы көпболды. Біздің кезімізде Әуезовті күнде сынайтын. «Абайдың Шығысы басым» дегенсөзі үшін қанша таяқ жеді. Абайда ол айтылып қойған, оны Мұхаң өзі ойдан алғанжоқ қой.
– Абайды біз де әлі түсіне алмай жүрміз ғой. Орысша қаншабілсек те, Пушкинді Абайдай аудара алмаймыз...
– Оны түсіну қиын. Мен38 қара сөзін қырық рет оқыған шығармын, түсіне алмай жүрдім. Абайда жан тануілімі деген бар. Оған әлі ешкім барған жоқ. Шәкәрім біраз дамытты. Еуропада олмүлде жоқ. Олар жанды білмейді. Жан туралыбіздің түсінігіміз қайшы.
Толық адам бір жерде айтылғанымен, Абайдың бүкілшығармаларының өне бойында жатыр. Жиырма жыл зерттегенімді биыл жазып бітірдім.Қолдарыңызға тиеді.
Қазір біз шетке кеткен қаржылардықайтырып, халықтың рухына жұмыс істеуіміз керек. Қазақ қазір оянып келе жатыр. Қайта-қайтамитингке шығып жатқаны бекер емес. Сүйегіне батқаннан кейін шығып жатыр. Капитализмде бізді бұзды. Адамды аман сақтауымыз керек. Аман сақтайтын жалғыз ілім –толық адам ілімі. Абайға сүйенсек біз аман қаламыз.
Мен декан, проректор, ректорболдым. Вагон-вагон ақша келетін жерден аман шыққаным – Абайдың тәрбиесі. Абайдыоқыған, сіңірген адам қиянатқа бармайды.
– Тоқаев сайлана сала Абайдың мерейтойын өткізу туралыжарлыққа қол қойды ғой. Ақырын-ақырын келе жатырмыз.
– Мен енді Тоқаевқа өзімбарғалы жүрмін. Абайды қалай дұрыс түсіндіреміз, соны талқылайық. Ол меніңмақаламды оқып, жақсы пікір білдіріпті.
– Бару керек.
– Абай – бізге Құдайданберілген адам. Мұндай терең, алдынкөргіш, данышпан адам бұрын туған жоқ. Біз Абай жолынан айырылмауымыз керек.
– Уақыт тауып, бізге парасатты әңгіме айтқаныңызғарахмет!
Дайындаған Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ