Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:15, 05 Қазан 2019

Мекке сапары (жолсапар)

Қу даланың шаңытыпкеткен аспаны күннің өзін көрсетпей тастапты. Кондиционер уілдеп тұрған ұшақтыңішінде Стамбулда оранып алған ихрам қамсау болмай, иегімізді кеудемізге тығатүсіп, бүрісіп отырмыз, сыртта 45 градус ыстық десе сенбейтін күйде едік.

Алматыдан басталған 36 сағаттық сапарда әуежайдан аттап баспаған, дүние түгелазынап тұрғандай күйге түсіппіз. Сонау Стамбулда «ихрамға өткеннен» бастап мағынасы«Я Алла, міне алдыңа келіп тұрмын!» деп басталатын дұғаны хормен айтып кележатқан қалың адам Жидда әуежайына келіп қонғанда тіпті күшейді. Әркім әр түрлікейіпте ырғаққа қосылады. Мүлги түсіп, жуастау дауыс салып жатқандар; «шыққыркөзден неге жас шықпайды!» дегендей, күштей жұмып алып, екіленеселкілдейтіндер; дүрмекке ермей үнсіз ғана терезеден сыртқа көз тастап отырғандар…Алғашында әлдекім «Ләббәйк Алла...» деп бастай жөнелгенде жалт-жалт қарасып,қосыла кетуге бейіл жандар, уақыт өте келе бұл хорға құлағы үйреніп алғандай,бейқам бір қалыпқа түсіпті.

Меккеден 100шақырым жерде жатқан Жидда қаласына осылай, ұстамды күйде келіп түстік.

Ұшақ тола аққаоранған еркектер мен ұлттық нақышқа мән бере киінуге тырысқан түрлі нәсілдегіәйелдер бөлек-бөлек отырғанмен, сыртқа шығарда ию-қию араласып кетті. Аса біраңсармен келген қажыларда іштей бір тоғаю сезімі болмай тұрмайды. Өйткені, исламдақажылық адамның материалдық мүмкіндігінен тыс, тылсым арқылы бұйыратын бақесептеледі. Туғанда маңдайыңа жазылса барасың, жазылмаса жоқ… Осы бір ішкітоқмейілсуден арылар жер де Жидда қаласы. Бұл жерде қызмет атқарып жүргенкелгіншілер (бұл мемлекеттегі бүкіл жұмысшы табы сырттан келгендер деугеболады) қажыларға немқұрайлы көз тастайды. Бәлкім, қажылық сапарындағылардыңішіп-жеп қарайтын көзі мен қызығушылығына әбден үйренген, «көріп жүрген қажыларымызсендер ғана ма» дегендей, елеусіз кеп танытады. Қара нәсілді бір топ жігітараларындағы әлдебіреудің бас киімін жұлып алып, бір-біріне лақтырысып, тәлкекқылып ойнап тұр. Қасиетті жерде құлшылықтан өзге тіршілік болмайтындай сезімдекелгендер бұл көрініске таңданыспен көз салады...

Азынап тұрғанұшақтан сыртқа шыққанда жып-жылы үйге кіріп келгендей боласың. Бірақ, бұл күйасса екі-үш минутқа созылады. Одан ары өкпең қысыла бастайды, арқаңды қуалайтер ағады, мына қуырып тұрған күннің астында ұзақ шыдап тұра алмайтыныңдышамалайсың. Қажылық сапарының тек мүлгіген құлшылық емес екенін, алдағы екіапта бойы жағаласа жүріп күнелтетініңді ойлап өтесің. Бұл сезімді әуежайесігінен аттап шыққанда салған жерден шалғайыңа оратылып, қолыңдағы жол жүгіңежабысып, қызметін ұсынатындар тіпті күшейтіп жібереді.  

Қажылықтың негізгішарты – құлшылық қылу. Кеудеге бөлек, белден төмен бөлек оранатын ихрамныңтүпкі мәні – кебін. Сен ихрамға өткеннен бастап дүниеден тыс адамсың. Осысапарда жан тәсілім еткен жан армансыз есептеледі. Ал, көлденең қиындықтар менжағымсыз көріністерді жіпке тізуге болмайды деседі. Мұнда келген адамда бірғана міндет бар – құлшылық, тек қана құлшылық...

*****

Етегін Қызыл теңізшайып жатқан Жидда Сауд Арабиясының бизнес орталығы саналады. Туристік орталықретінде де жиі аталады. Саудияның негізгі туризмін жыл бойы тоқтаусыз ағылыпкеліп жататын тәуап етушілер құрайды. Ал, Жидда әуежай салынбаған Меккеге еңжақын нүкте ретінде әлемнен келетін мұсылмандардың қасиетті жерге аттайтынтабалдырығы іспетті.

… Жидда әуежайынаншыққан қажылар арнайы бекітілген автобуспен Меккеге барар жолда да тәлбияайтуды бір тоқтатқан жоқ. Әр елден келген өкілдер бөлек-бөлек топталып отырған,бір-бірінен асып түскісі келгендей жарыса күңіренеді. Мекке күллі мұсылманныңрухани астанасы дегенмен, қазақ айтатын «қазаны бөлектің азаны бөлек» дегенсөзге тереңірек ден қоя түсесің. Мұнда, Құдайдың алдына келген кім-кім де өзінұлтының атынан, елінің атынан келген өкілдей сезінеді.

«Алланың дәргейінекірген сәттен» бастап бұл сапардағы ешбір тілек қайтарылмайды деседі. Сол үшінде мұсылмандар сабақ жіпке дейін жекелей тізіп, бүкіл тілегін айтып тауысаалмайды...

Жолдың қос қапталықылтиып шөп те өспейтін өлі дала, жалаңаш төбелер, құрығанда арбиған сексеуілкөзге түспейді. Қайда қарасаң да тақыр, сұрықсыз, жүдеу көрініс. Жол жағасындашашылып жатқан қоқыстар – бөтелкелер, қалбырлар, пакеттер… Сосын автокөлікқалдырған іздер – бір жерге майы сіңіп қалған, бір жерде резеңке дөңгелегіқиылып түскен, қолтырауын сияқты созыла түсіп, әр-әр жерде қаптап жатыр.Бәлкім, дала болған соң назар аудармайды, бәлкім, көліктер көп бұзылады,әйтеуір автобанның негізгі ерекшелігі ретінде көзге көп түскені осы болыпты.Жолы анау айтқандай артықшылығымен көзге түспейді, тегіс демесең, соншалық біркөңіл аудармайтыны аңдалады. Тақыр даланы одан сайын жүдете түсетін көлікқаңқалары да жиі ұшырасады. Тіпті, қараусыз тасталған көліктер тізіліп тұрған арнаулытұрақтардың басынан қарасаң аяғына көз жетпейді. Шаң басып, айналасын майғабөктіріп, қаңсып тұр. Мұны елдегі өндірістің, қайта өңдеу зауыттарыныңжоқтығымен түсіндіруге болады.

Мұнда сізді ешкімқұрақ ұша қарсы алмайды. Қажылық Құдай мен пенде арасындағы жеке шаруа. Оны кімқалай атқарады, ешкімнің шаруасы жоқ. Жергілікті ұйымдастырушылар да кім қалайқұлшылық жасады, парызын қайтіп өтеді дегенге бас қатырмайды. Қонақ үйге келгенсәтте ерекше құрметпен күтіп алып, нөмірімізге жайғастырды. Одан ары бөлмеңненшықпай ұйқы соғасың ба, әлде Қағбаға барып түнейсің бе, көше кезіп, Меккеніаралап кетесің бе, бұл өзің ғана шешетін шаруа. Сені ешкім қаланың тарихымен,тарихи нысандарымен таныстырмайды. Өйткені, Меккенің тарихы – исламның тарихы,Мұхаммед пайғамбардың жолын ұстанған миссионерлердің аяғы жеткен жердің бәріонсыз да біледі. Тағы бір себеп – дәл үлкен қажылық – Құрбан айт мерекесіқарсаңында Меккеде адам саны екі-үш есе көбейеді. Қаладағы қатынас тіптіқиындайды. Мәселен, Құрбан айттың алғашқы күні жаяу салсаң бір сағатта баратынжерге автобуспен алты сағатта әрең жеттік. Міне, осындай себептерменұйымдастырушылардың әркімге бір мойын бұруға мұршасы бола бермейді. Сондықтан,қажылыққа барғандарда құлшылық жасаудан өзге көп мүмкіндік те жоқ. Әлбетте,қаланы аралап қайтам деушілер кездеспей тұрмайды. Бірақ, өте аз. Өздігіңнен қаланыаралап кетсең, өзгеден бұрын бірге барған сапарластарың ұнатпай қалады. Өйткені,Меккедегі әрбір күн – баға жетпес байлық, өлшем жетпес зор мүмкіндік. Әрбірқұлшылығыңа мың-миллион есе сауап жазылады. Сол сауапты теріп алудың орнынаМеккенің тарихымен танысам, тіршілігін көрем деу – тақуалыққа жат ұғым.

*****

Мекке – топырақтүгіл құмы жоқ тастан құйылған аласа таулардың сай-саласына шашылып түскенқала. Ресми дерек бойынша 3 миллионнан астам халқы бар. Келіп-кетушілердіңесебінен бұл көрсеткіш жиі өзгеріп тұрады. Әсіресе соңғы жылдары қалада адамныңбастырылуы жиі аңдалады. Біз естіген, кейін көзіміз жеткен тағы бір жағдай –қала тұрғындары үлкен қажылық кезінде қаладан кетіп қалады. Біріншіден, бұлкезде қалада жүріп-тұру қиындайды, екіншіден ұлы мерекеге орай елде демалысжарияланады. Сондықтан, бұл кезде көбіне сырттан келген гастарбайтерлер менқажылыққа жауапты адамдардан өзге тұрғындар көзге түсе бермейді. Бұл күндері қалатегістей құлшылық жасаушылар мен жалдамалы жұмысшылардың иелігіне көшеді деугеболады.

Меккедегі бүкілтіршілік құлшылыққа, туризмге негізделген. Әсіресе Қағбаға жақын аудандартүгелдей сауда орындары мен қонақ үйлер. Бір-біріне мінгесе салынған ғимараттардыңарасынан жел де өте алмайды. Көпшілігінің терезесінен қол созсаң жетердей жердеорналасқан қарсыдағы ғимараттан өңге ештеңе көре алмайсың. Әл-Харам мешітініңайналасы иін тірескен адам мен қаптаған автобус. Бұл күндері 30 мың автобусқонақ үйлер мен Қағбаның, өзге қалалар мен Меккенің арасын жалғап, тынымсызжүріп жатады.

О баста қаланыңластығына ерекше көңіл аударғанбыз. Тазаламайтындай көрінген. Бірақ, көп ұзамайкөз жетті, тазалауын тазалағанмен, игере алмайды. Биыл қажылыққа 3 миллион 200мың адам барыпты, осыншама адамның бәрі қоғамдық тазалықты сақтай бермейді. Тағыбір жағымсыз әдет байқалды – кейбір мұсылман елдерінен келгендердің еренсалақтығы. Су ішкен соң ыдысын қалай болса солай тастай салады, әлдене жесе десолай. Сосын… қақырынып-түкірініп жүре береді. Қол созым жерде қоқыс жәшігіқаптап тұрғанына қарамастан аяғыңның асты судан босаған бөтелке мен қақпақтарданкөрінбейді. Бұл Қағбаның айналасындағы жағдай. Кәдімгі көшедегі үйреншіктітіршілік. Әрине, Әл-Харам мешітінің аумағына кірген соң мұндай бейбастақ жағдайбола бермейді, жиі-жиі тазартып, жуып отырады, жинап жатады. Оның үстінеқажылар да бар ындын-ниетімен осы бір құлшылық аймағына келген, бұл жақтатәртіп сақтауға тырысады. Десе де, бұл сырттан келгендерге ғана қатысты. Ал,жергілікті жұмысшылар мен кейбір тәуап етушілер айылын жия қоймайтын сияқты.Әсіресе зәм-зәм суын ішетін орындарда. Зәм-зәм бұлағының (арнайы ыдыстарменқояды немесе арнайы шүмектен ағызып ішесің) басында алыстан, зарығыпкелгендерді бірден байқауға болады: аса бір ыждаһатпен су құйып алады, елжірейтұрып тізе бүгеді де, дәмдеп, баптап ішеді. Сумен асса жүзін сүртеді. Ал,жергілікті мұсылмандарда (көбіне көршілес елдерден келген) ондай ыждаһаттылықбайқалмайды. Төгіп-шашып құйып алады да, басынан асыра көтеріп, аузынасарылдатып құяды. Аузынан артылғаны езуінен ағып, қойнына құйылып жатады.Сонымен тынса жақсы, аузы-мұрнын шайқап (тағы да қақырынып-түкірініп), аяғынжуып, салқындап, бір рахаттанады.

Тағы бір жайт –Қағбаны айналуға қатысты. Қара тасты сүю – парыз емес, сүннет есептеледі.Бірақ, дәл үлкен қажылық кезінде ол мүмкін бола бермейді. Соңғы жылдары Қағбағатәуап етуді барынша оңтайландырған. Күннің астында жүруге шамаң келмесе,алыстан, салқындатылған үш қабатты ғимараттың астында айналып шығуға болады.Шарт бойынша мешіттің территориясына енген адам дауыс көтеріп сөйлеуге, біреудіитеруге, жұлқуға, қарқылдап күлуге, жәндікті де өлтіруге болмайды деген сындытыйымдар бекітілген. Егер қара тасты сүйем десеңіз бұл тыйымдарды бұзуға туракеледі.

… Сыртқыайналымдар өз ырғағымен жүріп жатады. Қағбаның түбіне жақындаған сайын қозғалысқиындайды. Ал, Қағбаның қара тас тұрған бұрышы иін тірескен, толқыған адам. Солқалың сеңді бұзып-жарып өтпесеңіз, жұртпен жағаласпасаңыз тасқа маңайлау мүмкінемес. Осыған байланысты қажылық өтеушілер көп қиындыққа ұшырайды. Біріншіден,ауаның тарлығы. Төбең онсыз да күйіп тұр, бірақ, әйтеуір ауа жұтуға болады. Ал,сәл еңкейсеңіз… Мыңдаған адамның денесінен шыққан тер мен иіс өкпеңізді әпсәтте буып тастайды. Әлгі бір Қағбаның түбінде жан тәсілім етіпті дейтінадамдар осындай ауаның жетіспеушілігінен жүріп кететін сияқты. Мұндай қысымғажас, денсаулығы жақсы адамдар шыдайды, ал, денсаулығы нашар, кәрі кісілерсел-селемей терлеп, толқынды жарып, сыртқа шыға алмай жүреді. «Құласаң тұраалмайсың, адамдар бір-біріне қарамайды, құлап жатқан адамды басып-жаншып жүребереді» деген әлгі бір дақпырт – бос сөз. Көз алдымызда етті-жеңді бәйбішесінқолтығынан алып, сыртқа шығып кете алмай, адамдар толқынымен сенделіп жүргенбір өзбек шал жандәрмен жұрттан жол сұрап жатты. Жалынышты түр, әжептарқыдауыс. Кемпірі сел-селемей терлеп, ауа қармап, көкке қарап, аузын аша береді.Әп-сәтте тоқтай қалып, сыртқа қарай өтіп кететін жол аштық, жылдамдата басыпөтіп кетті. Кісі қайтыс болса жұрттың аяғына тапталып емес, осындай жағдайданқан қысымы көтеріліп кетіп, өзіне келіп үлгере алмай, жүріп кетеді екен. Әрине,адамдар мұндай жанкешті дабыраның арасында анау-мынауға қайырыла қоймайды,бірақ, жағдайы шын қиын жанды көрсе қол ұшын созбай тұрмайды.

Қағбаның тасынсүймесек те керегесіне қол тигізіп тәу еттік. Өзгелер жылап, еңіреп сүйіпжатты. Орамалымен, беторамалымен Қағбаны сүртіп, оны жүзіне тигізіп, қоржынынасалып алып жатқандар да бар. Бір қарағанда Құдайға серік қосқандай көрініп кететінбұл көріністі әркім әр түрлі бағалап жатады. Жұрттың жүзін бұрып намаз оқитынқыбыласына деген шексіз махаббатынан туған бір сәттік пенделік әлсіздігішығар...

Қағбада адасыпқалсаңыз, бірге барған адамды қайта тауып алу мүмкін емес. Сол себепті, әрелден келгендер топтасып, сабын бұзбай жүруге тырысады. Ортасына әйелдер менбалаларды, қарттарды салып, қол ұстаса шеңбер құрып жүреді. Бұл топтасудың тағыбір артықшылығы – өзге жұртты ығыстыруға болады. Осындай бір қауым ел жұрттыығыстырып тастап, қара тасты кезектесе сүйіп жатты. Әдетте тастың түбіндесапырылысып жататын жұрт енді осы топтың сыртында ошарылды. Оның сыртында екіжігіт дауыс көтерісіп, бір-бірінің жағасынан алып, ерегісіп тұр. Өзгелер «сабыр,сабыр» дейді де өтіп кетеді, қайырылуға мүмкіндік жоқ. Қара тасты сүю дәстүріпайғамбардан қалыпты дейді ғой. Пайғамбарға ұқсауды мұрат тұтатын мұсылманқауымы көзсіз фанатизмге берілгенде басқа-басқа дәл қара тастың түбіндеәдеп-иманды ұмытып кететіндей көрінді...

Бұл тұстағы еңашулы адамдар – күзетшілер. Әсіресе, Қағба маңындағы тәртіпті қадағалаушыларештеңеге қарамайды. Зарығып жеткен қара тасты ұзағырақ сүйіп, ұзағырақ аялайсипап тұрып алуға тырысады адамдар. Бірақ, дәл төбесінен төніп, күзетші қараптұр. Бірер мәрте қолымен тартып көреді, оған көнбесе тура желкеден тебеді.Қағбаны жеті рет айналып шыққан соң жұрт сыртқа таман, жұрт аяғы саябыр тартқантұсқа барып, Қағбаға мүмкін болған жақын нүктеде намаз оқиды. Алғашқы күндерікісі қарасы аз болатын, Құрбан айт күні адам мүлде көбейіп, жүру мүмкін болмайқалған. Соған қарамай жұрт Қағбадан сәл алыстап барып, намазға жығылуға тырысыпжатты. Күзетшілер жандәрмен жұртты мешіттің ішіне кіріп оқуға шақырып жүр. Оғанқарамай жайнамазын жайып, енді жүгіне бергендердің жайнамазын қолынан жұлып ап,ары лақтырып жіберді. Өзін де итеріп тастады. Ал, намазын бастап кеткенәлдекімді сәждеде жатқан жерінен қолтығынан көтеріп алып, дырылдата сүйрепбарады. Ана жазған намазын бұзбауға тырысып, бүгілген қалпы кетіп барадыкүзетшілердің қолында...

Ал, мешітте ұйықтапжатқан адамдарға көп өтпей-ақ көзіңіз үйреніп кетеді. Олар тынымсыз құлшылықтыңарасында талықсып ұйықтап кеткендер, ұйқысы да аяулы саналса керек. Жұрттың бұлжақта бір біріне елжіреп тұруға шамасы жоқ, ұйқыдағы адамды айналып өтугемүмкіндік болмаса, белден, бастан аттап жүре береді. Оған жатқандардың да,басқалардың да бойы үйренген, басымнан аттаттым-ау деп аса бір таусылыпжатқанын көрмейсің.

Мешіттің текқұлшылық жасайтын орын емес, ыстықтан сая, жұрттың ара-тұра тыным алатын жеріекенін Меккедегі Айша ана мешіті мен Мединедегі пайғамбар мешітіне барғандакөрдік. Айша ана мешіті негізгі екі мешіттің жанында кішкене ғана болғанмен,өзіндік сән-салтанаты бар, өте тартымды салынған. Іші де қыздың жиған жүгіндей,жиһазы, кілемі толықсып тұр. Бұл мешітте әл-Хараммен салыстырғанда адам мүлдежоқ деуге болады. Ішінде намазын оқып болған жұрт құран ақтарыстырады, болмасажатып, көз шырымын алады.

Қажылыққа барғандаркетер қарсаңда Медине қаласына соқпай кетпейді. Пайғамбар мешітінің түстігіндеМұхаммед пайғамбар жатыр. Сәл арырақта сахабалары. Бұл Медине – қу медиенгепайғамбардың өзі Меккені тастап шыққанда қазық қаққан. Жазықта жатыр. Бұлжердің жері Меккеге қарағанда жұмсақтау, құрсаған тас емес, сусыған құм.Біршама аббаттандыруға ыңғайлы. Көшелері кең, тұрмысқа, жүріп-тұруға ыңғайлы.Меккеден шыққан жұрттың бәрі келе бермей ме, әлде басқа себебі бар ма, Мединедеанау айтқандай сапырылысқан адам жоқ. Тып-тыныш, таза қала. Ауасы да кеңдеукөрінді.

Пайғамбардыңқабіріне тәуап етуге болмайды. Тек, сырттай тамашалап, екі рәкат намаз оқукерек. Пайғамбарға бағыштап. Мұнда да бірер мәрте жұрттың қабірдің қоршауынақолын тигізіп, орамалымен сүртіп, маңдайын тигізуге тырысқанын көрдік. Бірақ,Қағбадай емес, мұнда тәртіпті бақылауға мүмкіндік бар. Күзетшілер қас қақпайтұрып, аса бір суық болмаса да, салқын қалыпта қолыңызды қағып тастайды. Сондада жұрт ошарылып, пайғамбар мүрдесінің жанынан кетпей жүріп алады.

Мұнда да саудаорындары көп. Бар тіршілік көзі сол деуге де болатындай. Мешітке қарама-қарсытізілген, көшені бойлай тізілген дүңгіршектер… Бір қызығы, сауда жасаптұрғаныңызға қарамастан намаз уақытында сатушылар сізден сыртқа шығыпкетуіңізді өтінеді. Әрине, күле тұрып. Тұтынушысынан айрылып қалғысыкелмейді-ақ, бірақ, амал жоқ. Намаз уақытында ашық тұрған жұмыс орны мен жұмысістеп жатқан адам жазаланады. Сатушы жігіт «қолымызға кісен салып, апарыпқамайды, дүре соғады» деп түсіндірді. Және біз шығып бара жатқанда қайта келуіміздіқайта-қайта өтініп, мешітке қарай жиналып жатты.

Намаз уақытындажұрт сапырылысып кетеді. Бәрі мешітке барып оқуға тырысады. Бұл тарапта дажұрттың өзгелерде шаруасы жоқ. Біреу оқып жатса, енді біреулер суретке түсіріпнемесе жай тамашалап емін-еркін жүре береді. Қағбадағыдай адам қарасы молболмаған соң әркім тұрған-тұрған жерінде емес, Пайғамбар мешітінің ауласындада, ішінде де оқи алады.

Меккеге ел королі Салманибн Абдул-Әзиз әл Саудтың атынан келдік. «Корольдің қонақтары» деп аталатынбағдарлама. 1993 жылдан бері бар деседі. Ертеректе өзге корольдер де шамасыкелгенше өзге мұсылмандардың қажылығын өтеуге септесіпті. Жалпы, монархиялыелдегі діни идеологиядан өзге саяси идеология да көзге бірден ұрады. Қайдақарасаң да король мен оның ұлы, тақ мұрагері Мұхаммед ибн Салман әл Сауд қатартұрады. Қатар аталады. Соңғы кездері елде бір қатар тыйымдар алынып тасталғанынкөпшілік осы тақ мұрагерінің белсенділігімен байланыстырады. Дегенмен, ханзада қаншажерден шетелде оқыған, демократияға бір табан жақын деп есептелгенмен, ол даелде реформа жасауға асыға қоймайды. Өйткені, осыдан біраз жыл бұрын король Салманныңөзі реформаға қатты кіріскен. Сотты, басқару жүйесін түгелдей реформалап,саясатты діннен бөліп алмақшы екен. Тіпті, арнайы бағдарлама жасап, қол қойыпта тастаған. Бірақ, кеңесшілері жинала келіп, бұл бастаманың елдегі монархиялықбасқаруға сай келмейтінін, король әулетінің өзіне қауіп төндіруі мүмкін екенінескерткен соң ғана бұл мәселе жабылған деседі. Былтырдан бастап әйелдердіңкөлік жүргізуіне рұқсат етілгенмен, аса белсенділері болмаса жаппай көліктізгіндеп кеткен жоқ. Екі аптаның ішінде көлік жүргізіп бара жатқан әйелбаласын көрмедік. Соған қарағанда, отбасылық ұстанымдар әзірге заңнан,рұқсаттан әлдеқайда жоғары тұр. Күйеулері рұқсат беру керек. Тағы біререкшелігі – әйел адам көлік жүргізсе қасында не бауыры, не күйеуі, не әкесіотыруы шарт.  

Дегенмен, соңғыжылдары шекарасын мұсылмандардан өзге елдерге де ептеп аша бастаған, интернетіеркін істеп тұрған елде демократиялық, зайырлы өзгерістер мүлде жоқ деп айтуғакелмейді. Әйелдерге белгілі бір жерлерде жұмыс істеуге рұқсат етілді. Саудаорындарындағы әйелдер өздерін еркін ұстайды, келушілермен күліп сөйлесе береді.Балет, көркем гимнастика сияқты спорт түрлерімен айналысатын қыздар саны даартып келеді. Бұған жария түрде тыйым салынғанмен, көпшілік қыздар түптіңтүбінде рұқсат берілетініне сенеді. Бұл өзгерістердің болашағы өзін екіқасиетті орынның қызметшісі (екі қасиетті мешіттің имамы деп те атайды)есептейтін король әулетінің шешіміне байланысты. Соңғы жылдары мүлде тыйымсалынғанына қарамастан елдегі демократияға байланысты бірнеше бейбіт шерулермен пикеттер өткені белгілі. Соның әсерінен, сыртқы әсерлерден аздаған жылымықсезілгенмен, бүкіл министрлер кабинетіне дейін корольдің туыстарынан сайланатынелде діни басқару жүйесінің басымдығы әлі де салтанат құра тұратын секілді.

*****

Қазақтыңмұсылмандығы, дін ұстануы өзінше жұмсарған, салт-дәстүріне негізделген деп жиіайтамыз ғой. Мина жазығында шұбырған адамды көргенде осы сөзге тереңірек денқойдық. Мыңдап, миллиондап, бүкіл бір проспектіні толтыра, ұшы-қиырсыз созылғанадамдар керуені діни парызын өтеуге кетіп бара жатты. Шайтанға тас атуға. Жолдаәлдекімдер адамдарға су бүркіп, мұздай су таратып, нан ұсынып дегендей, тегінқызмет көрсетіп жүр. Күннің астында қаталап келе жатқан (түннің өзінде 35-38градус ыстық) құлшылық иелеріне мұндай қамқорлық әжептәуір әл. Әсіресе, салқыншатырдан орын бұйырмай, ашық аспан астында, бір кісілік орын табудың өзі мұңғаайналған қалың адамның ішінде жатқан адамдарға. Естуімізше бұлардың көбі осыелдің және көршілес елдерден келген кедей-кепшік мұсылмандар. Оларда қажылықтыңталабы біздегідей емес, қатал деседі. Бес парыздың бірін – міндетті түрдеөтеуге тиіссің. Сол үшін де бала-шағасын шұбыртып, қыңқылдағанына қарамай,ілбіп бара жатқан ерлі-зайыптыларды жиі ұшыратасыз.

Қалың адамныңішінде, шашылған қоқыстың арасында бір айлық қана шақалағын алдына көлденеңұстап, уілдеп бір әйел жантайыпты. Ар жағында тағы бір кішкене бала ойнап отыр...

Әкесінің якишешесінің иығына басын қойып, аяғы салбырап ұйықтап бара жатқан кішкене балаларенді бір қарағанда шапқылап ойнап жүреді. 

Қажылық міндетінөтеушілерден гөрі босқындарға көбірек ұқсайтын бұл топ тамақты да өздері жасапішеді. Бастарына шикі азық-түліктерін жастанып алып, тыным алып жатқандар,артынып-тартынып азық-түлік арқалап жүргендерін жиі көресің. Көшеге сыймағандарсәл арырақтағы тас төбені етектей жайғасып алыпты. Сап-салқын шатырдың астынанжаңа ғана шыққан, өздеріне қызықтай қарап қалған біз сияқты шетелдіктерге суыққарайды. Бірер мәрте суретке түсірмек болғанымызда «харам, харам» деп,қолымызды қағып тастардай шыр-пыры шыққан да елдер болды. Көбіне әйелдері менбалаларын орталарына алып, қоршай отырған еркектер. Ал, әйелдері өзіне көзсалған, сырттай тамашалап қарап тұрған біреуді байқаса, тез арада теріс айналыпкетеді.

Бұл елдің полициясыда сырт елден келгендер екенін айттық. Сол полицейлер мен күзетшілер көпжағдайда осы босқын кепті қажылармен алысып жүреді. Қай маңға қарасаң дасоларды ығыстырып, жатқан жерінен тұрғыза алмай жатады. Мың-миллион адамғақанша көп дегенмен полицияның шамасы келмейді. Сол себепті, автокөліктерімен қалыңжұртты киіп-жарып, дәл орталарына кіреді де, тапап өтердей болып тұрып алады.Және құлақ-миыңды шағып, дабылын үздіксіз қосып қояды. Алқа-қотан отырғандармен айқыш-ұйқыш жата кеткендер орындарынан салбырай көтеріліп, амалсыз ығысабастайды. Бірақ, көп ұзамай олардың кеткен жеріне тағы біреулердің орналасыпалғанын көресің.

О баста бұлардықайыршылар ма деп ойлағанбыз. Шайтанға тас ату кезінде адамдар ихраммен емес,кәдімгі киіммен жүре береді. Сол себепті қажылар мен басқаларды ажырату мүмкінемес. Кейін байыптасақ, қайыршылар бұлар сияқты бейбіт жатпайды екен. Оларшетелдіктерді аңдып жүреді. Және елеусіз ғана келіп, қол жаяды. Елеусіз жүретіні– оларға тыйым салынған. Елде дәл қажылық кезінде қайыршылармен күрес қаттыжүреді. Қамайтынын қамап, өзгесін басқа жаққа қуып тастайды-мыс. Ол да бос сөземес сияқты, қол жайған қайыршы көрсе полицейлер жалма-жан жетіп келіп, қайыршылардықуып жатады. Полицейді көрсе қайыршылар тым-тырақай қаша жөнеледі. Десе де, осынша адамды байлап ұстау мүмкін емес, алғашқы күні көзге түспеген қолжайғандар келесі күні-ақ жолымызды жиі кес-кестей берді.

*****

Мұсылман қауымыншексіз елбіретіп, көрген сәтте көбінің жанарын жасқа шылайтын қасиетті Қағбанықұлатып, тасын алып кеткен де соғыстар болыпты. Дәл осы қасиетті жерде адамқаны судай ағып, қылыш жүзінде қырғындар жасалған. Осыдан біраз бұрын топанбасып, Қағбаның ортан беліне дейін су көтеріліпті. Шайтанға тас атар жердеадамдар бір бірін басып-жаншып, бір емес, бірнеше рет мыңдаған адам жан тәсіліметіпті.

… Меккеде әрнамаздың соңында міндетті түрде жаназа намаз оқылады. Асса бір-екі минутқасозылатын жылдам жаназаға біреулер қарайлайды, біреулер қарайламайды. Ешкімніңаты аталмайтын, жалпылама оқылатын жаназада кімнің, қандай жағдайда қайтысболған адамның дүние салғанын біле алмайсың. Ал, жалпы жұрт осынша миллиондағанадам жаназасына жиналған адамды ең бақытты пенде санайды. Өйткені, ол басқаемес, Меккеде жан тапсырды, адам аяғы алғаш тиген (жұмақтан қуылғанда Адам атамен Хауа ана осы маңда кездеседі) жерде сүйегі қалды.

Міне, осындаймахаббатқа бөккен қасиетті қос қалаға Сауд Арабиясының королі ғана емес, күллімұсылман қызмет етеді (король өзін қос қаланың қожайынымын деп емес,қызметшісімін деп есептейді). Соңғы малын сарп етіп, арып-ашып келетіндердіайтпағанда жағдайына қарай жиі келіп, тазарып қайтуды мұрат тұтқандар қаншама!Және… қажылықта жүргендердің көпшілігі жас-кәрі демей бүгін өле кетуге бейіл.Жан тапсырсам ғой деп армандап келетіндер де аз емес. Ертеректе қажылыққа баратынадам жаназасын шығарып барып аттанатын болған дейді ғой, қазір баяғыдайарып-ашып, жылдап жүрмегенмен, кім-кімде де осы сапардан қайтпай қалам ба дегенәлдебір сезік, әлдебір күдік (бәлкім үміт?) болмай тұрмайды. Өйткені, бұлжолдың қиындығы жайлы аз естімеген. Оның үстіне бұл ар жағы тылсыммен, адамбаласының ежелгі сенімімен астасқан қасиетті сапар. Жұмыр бас пенделер Қағбаныбетке алғанда дәл Құдайдың алдына бара жатқандай болады. Барын да, жанын дақұрбан қылуға дайын...

Ал, кім келіп, кім кетпегенкәрі Қағбаға ешкімің, ештеңең таң емес. Тасы мен құмынан өзге түгі жоқ қумедиенге Жаратушының пейілі неге сонша құлап түскенін түсіне алмай адамзатбаласы қанша заман бойы пыш-пыштады екен. Ежелгі Мекке мен байырғы Медине ыстығыбет шарпып: «Құдай жаққан шырақпын, адам үрлеп өшіре алмайды» дейтіндей,мызғымайды.

Алматы-Жидда-Мекке-Медине-Алматы

Суреттер автордікі.

Тегтер: