Мексика ғалымдары 12 мың жылдық қоқиқаз жұмыртқасын тапты
Мексика ұлттық антропология және тарих институтының мамандары Мехико қаласындағы Санта-Люсия муниципалитетіндегі халықаралық әуежайдың құрылыс алаңын жөндеу кезінде 8-12 мың жылдық қоқиқаздың жұмыртқасы табылғанын хабарлады.
«Ұлттық антропология және тарих институты (INAH) Фелипе Ангелес халықаралық әуежайының құрылысы кезінде ерекше сақталған жасы 8-12 000 жыл болуы мүмкін қоқиқаз жұмыртқасының қазбасын зерттеу нәтижелерін жариялайды», — деп хабарлады институт.
Жұмыртқарның ұзындығы 93,491 мм, ал максималды ені 55,791 мм; пішіні ұзынша, дақсыз. Жұмыртқа саз топырақ қабатында 31 см тереңдікте жатқан.
Ғалымдардың пікірінше, «Солтүстік Америкада қоқиқаздың қазбаларының кездесуі ерекше, өйткені қазіргі заманғы қоқиқаз түрлері Оңтүстік Америкада, Кариб теңізінде және Юкатан түбегінде таралған.
«Санта-Люсияда жұмыртқаның табылуы қоқиқаздардың Орталық Мексиканың көл ландшафттарының бір бөлігі болғанын және бұл көлдердің мұз басу мен жанартаулық белсенділіктен туындаған қоршаған ортаға әсерінен айтарлықтай өзгерістерге ұшырағанын растайды», — деп атап өтті INAH.
Айта кетейік, бұған дейін «ақырзаман балығы» деп аталатын ерекше жәндік табылғанын жазған едік.