Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:20, 14 Қыркүйек 2023

Мексика парламентінде жат планеталықтардың мәйіті көрмеге қойылды (видео)

None
None

Олар Перудың Наска қаласында табылған делінеді. Сенсациялық мәлімдеме жасаған зерттеуші бұған дейін өтірік айтты деп айыпталған болатын.

Мексикалық журналист, уфолог Хайме Мауссан ел парламентінің депутаттық палатасына «жат планеталықтарға тиесілі деген екі мумияны» көрсетті. Бұл туралы Infobae басылымы хабарлады.

Мауссанның айтуынша, мумиялар Перудің Наска қаласында табылған. Олар қысқа, басы үлкен, үш саусақты, сүйектері жеңіл және күшті, тіссіз тіршілік иесінің мәйітіне ұқсайды. Уфологтар олардың саусақ іздері адамдікіндей дөңгелек емес, түзу көлденең сызықтар түрінде екенін айтады.

«Бұл тіршілік иелері адам емес. Мексиканың Ұлттық автономиялық университеті жүргізген радиологиялық зерттеу олардың мың жаста екенін көрсетті. Олардың ДНҚ-сы адамның генетикалық материалынан 30 пайызға ерекшеленеді», — деді Мауссан.

Бұл Хайме Мауссанның Наска үстіртінен табылған үш саусақты шетелдіктер туралы бірінші рет айтқаны емес. 2015 және 2017 жылдары оның сөздерінің жалған екені анықталды. Сарапшылардың айтуынша, табылған заттар ежелгі діни жоралғылардың салдарынан бас сүйектері деформацияланған балалардың қалдықтары болып шықты.

Тегтер: