Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:10, 03 Қаңтар 2026

Мексикада жер сілкінісі: бірнеше адам қаза тапты, Президент эвакуацияланды

мексика
Фото: ВВС

Мексикада 6,5 магнитудалы жер сілкінісінен кемінде екі адам қаза тапты.

DW басылымының мәліметінше, жер сілкінісі 2 қаңтар күні Сан-Маркос елді мекені маңында, Герреро штаты аумағында тіркелді. Жердің дүмпуін елдің орталығында және оңтүстігінде де сезген. Қаза болғандардың бірі – 60 жастағы ер адам. Ол эвакуация кезінде өзін нашар сезініп, пәтерінен шығу кезінде құлаған. Екінші құрбан – 50 жастағы әйел, ол жер сілкінісінің эпицентріне жақын жерде орналасқан үйінің қираған бөлігінің астында қалып, қаза тапты.

Сонымен қатар, Герреро штатының астанасы Чильпансинго қаласындағы аурухана ғимаратына зақым келген. Кейбір науқастар эвакуацияланды.

Жер сілкінісі ел астанасы Мехико қаласына да әсер етті, ол эпицентрден 400 шақырым қашықтықта орналасқан. Мексика Президенті Клаудия Шейнбаум баспасөз конференциясын тоқтатып, Президент сарайынан эвакуациялануға мәжбүр болды. Дегенмен, бір уақытта баспасөз конференциясы қайта жалғасты.