16:03, 20 Ақпан 2024
Мектептерде сабақтың басталу уақыты өзгеруі мүмкін
Білім министрлігі Қазақстанда бірыңғай сағат белдеуінің өзгеруі мектептердегі сабақтың басталу уақытына қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Бірінші ауысым студенттері үшін қажет болған жағдайда сабақтың басталу уақыты қайта қаралады, деп хабарлады Білім министрі Ғани Бейсембаев. Ведомство соңғы шешімді қала әкімдіктеріне қалдырды.
«Оқу сағаттарына қатысты біз жергілікті атқарушы органдарға қажет болған жағдайда сабақтың басталу уақытын қайта қарауға мүмкіндік береміз. Бұл жерде ешқандай кедергілер жоқ. Мысалы, сағат 8.00-де басталатын мектептерде 8.30-да басталуы мүмкін. Әрине, мүмкіндіктер бар»,- деді Бейсембаев.