Мемлекет басшысы Базарбек Атығаевты «Құрмет» орденімен марапаттады

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Ақордада салтанатты іс-шара өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, олардың рухани әлемді байытуға, халқымыздың ұлттық болмысын сақтауға қосып жатқан өлшеусіз үлесі үшін ризашылығын білдірді.
Президент Жарлығымен ұлттық мәдениетті дамыту мен насихаттауға қосқан ерекше үлесі, мәдениет саласындағы елеулі жетістіктері үшін бірқатар мәдениет және өнер қайраткері марапатталды.

Марапатталғандар қатарында «Almaty» телерадиокомпаниясы басшысының бірінші орынбасары, белгілі мәдениет қайраткері Базарбек Қайырбекұлы Атығаев бар. Оған «Құрмет» ордені табысталды.
«Almaty» телеарнасының ұжымы әріптесін жоғары мемлекеттік марапатымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді.