Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
20:12, 27 Қыркүйек 2024

Мемлекет басшысы Ордабасы ауданында жаңадан іске қосылған тігін фабрикасының жұмысымен танысты

а
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ордабасы ауданында биыл іске қосылған «JNRAY GROUP» ЖШС тігін фабрикасының жұмысымен танысты.

Мемлекеттік индустрияландыру бағдарламасы аясында ауданы 6 мың шаршы метрді құрайтын кәсіпорынды ашуға 1,4 млрд теңге көлемінде қаржылай қолдау бөлінді.Мемлекет басшысына фабрикада киім-кешек, төсек-орын және жұмыс киімдері шығарылатыны айтылды. Мұнда бүгінде 300 адам еңбек етеді. Алдағы уақытта өнім түрін көбейтіп, жұмысшылар санын 500 адамға жеткізу жоспарлануда. Қажетті шикізат көрші Өзбекстан мен Қырғызстаннан жеткізіледі.
Елбасы тігін фабрикасын аралап, дайын өнім үлгілерімен танысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ордабасы ауданы Бадам ауылындағы «Бөрте Милка» ЖШС сүт-тауарлы фермасында болды.

Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі негізінде 2016 жылы құрылған кәсіпорын 403 бас сиыр сатып алды. Нәтижесінде қосымша 15 жаңа жұмыс орны ашылды.

Жобаға мемлекеттен жылдық 2,5 пайыздық мөлшерлемемен 2,4 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Шаруашылық шведтік DeLaval технологиялық кешенімен жабдықталған.

Кәсіпорын тәулігіне 25 тонна сүт өңдеп, 20-дан астам өнім түрін шығарады. Тауарлар негізінен Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарына, сондай-ақ Шымкент, Алматы қалаларына жеткізіледі.

Соңғы үш жылда кәсіпорын 50-ге жуық мектепті жабдықтады. Мектеп жиһаздарымен қатар кәсіпорын «KAZMEDPRIBOR» компаниясымен бірлесе отырып, емдеу мекемелеріне қажетті құрал-жабдықтарды шығарады.

Одан бөлек, Мемлекет басшысы «Aqniet» холдингі шығарған оқу орындарына арналған жиһаз үлгілерін көрді

Елбасы тоңазытқыш және мұздату қондырғыларын шығаратын Jasyl suyq Qazaqstan кәсіпорнында болды.

Болгариялық UBC Group холдингі Түркістан облысында екі ірі өндіріс желісін ашады. Инвестор жобаның бірінші кезеңіне 5 миллион еуро салады. SPK TURKISTAN аумағындағы өндіріс орнында 350-ге жуық жұмыс орны ашылады. «Тұран» арнайы экономикалық аймағында іске қосылатын екінші зауыттың құрылысына инвестиция көлемі 7,5 млрд теңгеге жетеді. Соның нәтижесінде айына 10 мың бірлікке дейін тоңазытқыш қондырғысын шығарып, мың адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев «Тұран су» кәсіпорнында да болды.

Суару жүйелерін күтіп ұстау және елді мекендерді ағын сумен қамтамасыз етумен айналысады. Биыл мұнда тамшылатып суару жүйесі шығарыла бастады.